БҚО-да қыз алып қашқан көлік иесі үш жылқыны қағып кетті
Жол апаты салдарынан 5 адам зардап шекті.

30 тамыз түнгі сағат 22:30-да Бөрілі-Ақсай-Жымпиты автожолының 27 шақырымында — Пугачев елді мекенінің маңында жол апаты болды. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызмеінен хабарланды. 21 жастағы LADA Priora жүргізушісі жол бойындағы үш жылқыны қағып кеткен.
Зардап шеккендердің айтуынша, олар Орал қаласынан қыз алып қашып, Ақсай қаласына қарай бет алған.

Жол апаты салдарынан 5 адам зардап шекті. Соның ішінде төртеуі жансақтау бөліміне, біреуі хирургиялық бөлімшеге жатқызылды. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, жол апатынан зардап шеккен екі автокөлікте 11 адам болған. 2001, 2002 және 2003 жылғы қыздар, сондай-ақ 2003 жылғы жігіт жабық бас-ми жарақатын алып, милары шайқалған, денелері көгерген. Төртеуі де жансақтау бөлімінде. Жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған, оған қоса мойын бөлігі сынған 1999 жылғы жігіт хирургиялық бөлімде. Денелері көгерген 1999, 2000, 2002 және 2003 жылғы екі жігіт амбулаторлық ем алуға жіберілді. 2000 жылғы жігіт дәрігерге қаралудан бас тартты.

Полиция аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы»бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.
