«Оқушы вирус жұқтырса ата-анасы жауапты ма»: Министрлік желіде тараған өтінішке қатысты жауап берді

Желіде ата-аналардың баласын офлайн оқытуға қарсылығы жоқ екенін дәлелдейтін қолхат үлгісі тарады. Өтініште ата-аналар мектепке баратын баласының денсаулығына жауапкершілікті өз мойнына алатыны көзделген. Бұған қатысты білім министрлігі пікір білдірді.

Биылғы оқу жылы офлайн форматта өтетіні баршаға мәлім. Осыған орай әлеуметтік желіде оқушылардың офлайн форматта оқу кезінде вирус жұқтырса оған ата-анасы жауапты болатыны туралы өтініш мәтіні қызу талқыланды. Олардың басым бөлігі бұл өтініште айтылған талаптармен келіспейтінін жеткізді.

«Баланы ерікті түрде байлап берудің үлгісі… Алдымен «Ауырса өзім жауап беремін» деп міндеттеме алады екенсің. Ертең бірдеңе бола қалса, мектеп мына өтінішіңді алдыңа көлденең тартады. Сонда бұл құйтырқылықты қалай түсінеміз?», – дейді Берік Жүсіпов есімді желі қолданушысы аталмыш өтінішті парақшасында жариялай отырып.

Ата-аналар мұндай өтінішке қол қоймайтындарын желіде жарыса жазуда.

«Есі дұрыс ата-ана мұндай қолхат бермес», «Бұндай өтінішке қол қоймаймын. Бізге бұндай өтініш көрсеткен де, жаздырған да жоқ», – деп жазды олар.

Бұған қатысты білім және ғылым министрлігінің өкілі Мөлдір Әбдуалиева пікір білдірді.

«Құрметті ата-аналар! Офлайн оқу форматы сапалы білімді қамтамасыз ету үшін қажет. Бірақ мектептерде осындай өтініштер талап етілмеуі тиіс. Талап етсе – маған жазыңыз, әр өтінішті жеке қарастырамыз», – деп уәде берді ведомствоның баспасөз хатшысы.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

2 + 2 =

x
2023-06-03
Утром16.78 ℃
Днем25.7 ℃
Вечером27.74 ℃
Ночью23.56 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.14 м/с
2023-06-04
Утром19.76 ℃
Днем29.08 ℃
Вечером26.53 ℃
Ночью18.68 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра8 м/с