Тоқаев жаңа қорғаныс министрін тағайындады

Бұған дейін мемлекет басшысы экс-министр Нұрлан Ермекбаевтың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Бектановты қорғаныс министрі қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

Мұрат Бектанов
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

«Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын», делінген жарлық мәтінінде.

Мемлекет басшысының өкімімен Бектанов қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.

Бұған дейін президент Тараз маңындағы жарылыстан кейін бұрынғы министр Нұрлан Ермекбаевтың отставкаға кету туралы өтінішін қанағаттандырды. Тоқаевтың жарлығымен ол қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.

26 тамыз кешкі жетілер шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлім қоймаларының бірінде өрт шығып, артынша оннан астам жарылыс болды. Белгілі болғандай, қоймада инженерлік оқ-дәрі сақталған.

Соңғы мәлімет бойынша төтенше жағдайдан 15 адам қаза тапты. Барлығының жеке басы анықталды. Бұдан бөлек, тоқсанға жуық адам зардап шекті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-12
Утром20.5 ℃
Днем27.48 ℃
Вечером24.87 ℃
Ночью21.73 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.75 м/с
2026-07-13
Утром19.32 ℃
Днем28.75 ℃
Вечером24.78 ℃
Ночью21.5 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.11 м/с