1 қарашадан бастап миллиондаған адам WhatsApp-қа кіре алмауы мүмкін

WhatsApp мессенджері iOS және Android бағдарламасының ескі нұсқасы қолданылып жүрген смартфондарда өз жұмысын тоқтатады. Компания ұялы телефондарға қатысты талаптардың жаңартылған нұсқасын жариялады деп хабарлайды РИА Новости.

2021 жылдың 1 қарашасынан бастап WhatsApp қосымшасы Android 4.0.4 нұсқасы қолданылатын смартфондарда және iOS 9 нұсқасы қолданылатын iPhone-да жұмысын тоқтатады.

Әлемде аталмыш нұсқаларды әлемде әлі күнге дейін қолданатын адамдар баршылық. Жұмыс істеу үшін әлі де SIM карта және интернет қажет.

Осы орайда WhatsApp ескі смартфон иелеріне құрылғыны жаңартуды немесе жеке деректерді сақтау үшін чат тарихын сақтап отыруды ұсынады. Бұл WhatsApp жұмысын тоқтатқан кезде қолданушы үшін тиімді болмақ.

Бұған дейін WhatsApp iOS және Android-тан деректерді ауыстыру мүмкіндігін жарияланды. Бұл функция кейбір Samsung моделінің эксклюзиві болмақ. Деректерді ауыстыру үшін сізге USB-C — Lightning коннекторлары бар сым қажет.

Айта кетейік, осыған дейін WhatsApp мессенджерінде өздігінен жойылатын фото және видео жіберу функциясы пайда болады делінген еді.

Ол үшін суреттер мен видеоны «Бір рет көру» опциясының көмегімен жіберу керек. Қолданушы өзіне келген хабарламаны тек бір-ақ рет көре алады, осыдан кейін ол автоматты түрде өшіріледі.

Осыған ұқсас функция Instagram желісінде де бар: қолданушы өзіне жолданған суретті немесе видеоны қарау үшін батырманы басуы қажет. Көріп болғаннан кейін ол ашылмайды.

Десе де, компания қолданушылар өздігінен жойылатын фото-видеоны скринрекордердің көмегімен жазып алуы мүмкін екенін айтқан еді.

«Бір рет көру» опциясы жақын арада жаңаратын мессенджерде қолжетімді болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-05-20
Утром6.64 ℃
Днем13.38 ℃
Вечером11.46 ℃
Ночью9.59 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра3.44 м/с
2022-05-21
Утром5.29 ℃
Днем11.09 ℃
Вечером10.81 ℃
Ночью6.28 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра9.25 м/с