Маңғыстауда жұмысшылар жалақыны 30 процентке өсіру туралы ұсыныстан бас тартса, Қызылорда облысында мыңға жуық қызметкер жұмысқа шықпай қойды

Маңғыстау облысы Қарақия ауданында West Oil SoftWare ЖШС жұмысшылары 23 тамыздан бері жұмысқа шығудан бас тартып отыр, ал Қызылорда облысында «Арал тұз» зауытының мыңға жуық қызметкері жұмысқа шықпай, жалақыны көтеруді талап етуде.

Маңғыстау облыстық еңбек басқармасының мәліметінше, ереуілге шыққандар Еңбек кодексінің 103-бабы бойынша жұмысшылар жалақысын тапсырыс беруші мекеменің жұмысшыларының жалақысына теңестіруді немесе айлықтарын 100%-ке көтеруді талап етіп отыр. Қазір бұл компания жұмысшыларының орташа жалақысы 230 мың теңгені құрайды.

Соған қатысты облыстың еңбек басқармасы бірқатар келіссөз жүргізді.

Маңғыстау облыстық еңбек басқармасының басшысы Әлігер Іңкәровтің мәлімдеуінше, West Oil SoftWare ЖШС мекемесі Oil transport corporation ЖШС қызмет көрсететін аутсорсинг мекеме болғандықтан Қазақстан Еңбек кодексінің 103-бабы аталған мекеме жұмысшыларына қолданылмайды.

Қазір жұмыс берушілер жұмысшылар талабын орындау мақсатында бірнеше ұсыныс жасады:

Жұмысшылардың жалақысы 2021 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап 30% мөлшерінде көтеріледі;

2022 жылдан бастап еңбекақы мөлшеріне индексация жүргізіледі;

«Мұнайшылар күніне» орай 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (58 340 теңге) сыйақы төленеді.

Жұмыс беруші ұжымдық шарт жасасуға дайын. Алайда West Oil Software ЖШС жұмысшылары бұл ұсыныстардан бас тартты.

Іңкәров компанияның жұмысшылар талабын толық орындауға қаржылық қуаты жетпейтінін, мекеме барлық мүмкіндігін пайдаланып ұсыныс жасағанын жеткізді.

Еңбек дауын шешуге қатысты келіссөздер жалғасып жатыр.

Ал, Қызылорда облысында «Арал тұз» зауытының мыңға жуық қызметкерлеріі шыдамдары шегіне жетіп үш күн зауыттың есігінің алдына түнеген. Айтуларынша, олар азаннан қара кешке дейін қап көтеріп, тікесінен тік тұрып жұмыс істейді. Ал жұтатындары шаң.

«Біздің айлағымыз 55 мың. Оған экологиялық төлем қосамыз. Сыйақысы, тағы-тағысымен 80 мыңға барады. Айлықты көтеріп, 100 процент оклад қылсын. Болды, басқа талабымыз жоқ. 13 айлық сұрап отырған жоқпыз. За вредность сұрап отырған жоқпыз. , – жұмысшы Жалғасхан Сүйіндіков.

Жиналғандардың айтуынша, өндіріс орнында жұмысшыларға жайлы жағдай жасалмаған. Арнайы киіммен қамтамасыз етпек түгілі, тамақтанатын орын жоқ дейді ашынғандар.

«Қазір нақты айта алмаймын. Өйткені екі күн жұмысшылармен жүрмін. Оны есептеп қарау керек. Халыққа да айтып жатырмын. Сіздер жұмысты тоқтатсаңыздар қанша пайызға көтеру мүмкіншілігін жойып жатырсыздар», – «Арал тұз» АҚ президентіні кеңесшісі Айдынбек Тауасаров.

Президент кеңесшісі нақты шешім қабылдау үшін 10 күн сұрады. Бірақ халық бұған дейін де құрғақ уәдеге тойғандықтан мәселе түбегейлі шешілмесе жұмысқа шықпаймыз деп белді бекем буып отыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-11-27
Утром-3.91 ℃
Днем-0.01 ℃
Вечером-3.21 ℃
Ночью-3.83 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра5.53 м/с
2021-11-28
Утром-1.12 ℃
Днем0.8 ℃
Вечером0.47 ℃
Ночью0.49 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра6.41 м/с