БҚО-да Еділ суының қосымша көлемі сатып алынды

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік аудандарын суландыру үшін қосымша 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл су жеткізілімін 50 пайызға арттыруға мүмкіндік берді. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кеңесте айтылды. Айта кетейік, облысты сумен қамтамасыз ету жағдайы өте күрделі болып қалуда. Биыл құрғақшылықтың салдарынан су объектілері құрғап, төмен өнімділік байқалады.

Сумен жабдықтау проблемаларын зерделеу үшін облыста арнайы жұмыс тобы құрылды, оған атқарушы органдар мен фермерлік шаруашылықтардың өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері кірді. Өткен жылы облыстың оңтүстік аудандарына 80 млн текше метр су жеткізілді. Бұл қосымша қаражатқа 120 млн текше метр сатып алынды.

– Жедел шаралар қабылданды. 1,5 айдан кейін су облыстың оңтүстік нүктелеріне жетеді. Болашақта мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеу керек, – деп атап өтті БҚО әкімі Ғали Есқалиев.

Трансшекаралық Жайық өзенінің таяздануы тым төмен белгіге жетті. Ұзақ уақыт бойына созылған ыстық ауа райы да жағдайды шиеленістірді. Ауыл тұрғындары мал азығына қатысты проблемалар туралы мәлімдеді.

– Міне, үшінші жыл бойы ауданда су жоқ. Біз малды союға мәжбүрміз. Қыста біз шөп жинай алмаймыз. Өткен жылы шөп көрші аудандардан әкелінді. Биыл біз қажетті шөп көлемін жинай алмадық. Кейбір өзендер түгелімен кеуіп кетті, – деді шаруа қожалығының басшысы.

Облыс әкімі су үнемдеуге шақырды. Шетелден су сатып алуға жыл сайын миллиардтаған теңге жұмсау тиімсіз. Ғали Есқалиев каналдар салынатынын мәлімдеді. Бұл мақсатқа 2,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

-Биыл біз Қазсушарға 726 миллион теңге төлейміз. Жабдықтар мен есептегіштерді сатып алу керек. Құжаттама дайындалсын, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, Есқалиев Ресейден қысқы және көктемгі кезеңде су жеткізу туралы келісімге қол жеткізілгенін айтты.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША: БҚО-да фермерлер мемлекеттен қолдау сұрайды

Су- тіршілік нәрі

Жаңақала және Бөкейорда ауданында су арналары бос тұр (БЕЙНЕ)

БҚО-да шөп жетіспегендіктен фермерлер малдарын сойып жатыр

БҚО-да су тапшылығы: каналдар мен көлдер құрғап жатыр

БҚО ауылдарында құдықтағы ауыз су қоры таусылып жатыр

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-09
Утром16.89 ℃
Днем25.99 ℃
Вечером22.56 ℃
Ночью20.39 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.29 м/с
2024-09-10
Утром17.98 ℃
Днем27.63 ℃
Вечером26.61 ℃
Ночью22.19 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра5.02 м/с