Тараз түбіндегі жарылыс: тағы бір әскери қызметші көз жұмды

Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрілер қоймасынан шыққан өртті сөндіру кезінде жарақат алған әскери қызметші Ерлан Қырғызәлиев қайтыс болды, 38 жастағы Ерлан Қырғызәлиев оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Қорғаныс министрлігінің фотосы

«7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында болған өртті сөндіру кезінде алған жарақаттарының салдарынан 28349 әскери бөлімінің әскери қызметшісі 1983 жылы туған капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды», – делінген хабарламада.

Ол оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған. Қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі болды.

Тараз түбіндегі әскери қоймадағы жарылыс

26 тамызда кешке Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі қоймадан өрт шықты, бір сағаттан кейін қоймада оқ-дәрілер жарыла бастады. Кем дегенде 10 жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарынан 16 адам қаза тапты. Зардап шеккендердің саны – 90 адам, олардың көпшілігі – алғашқы жарылыстардан кейін әскери қызметкерлерге көмекке ұмтылған құтқарушылар мен өрт сөндірушілер.

Қауіпсіздік мақсатында жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары Таразға көшірілді – барлығы 1200 адам. Осы оқиғадан кейін қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қызметінен босатылды, оның орнына Мұрат Бектанов тағайындалды. Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-17
Утром15.08 ℃
Днем20.61 ℃
Вечером22.81 ℃
Ночью17.33 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.77 м/с
2025-05-18
Утром14.81 ℃
Днем22.7 ℃
Вечером23.25 ℃
Ночью17.75 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра5.09 м/с