Ashyq жобасымен жұмыс істейтін нысандарға жеңілдік берілді – БҚО

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың 10 қыркүйектегі жаңа қаулысы шықты. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткендей, жаңа қаулы 13 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Қаулыға сәйкес Ashyq қосымшасымен жұмыс істейтін нысандарға жеңілдік берілді.

Атап айтқанда, осыған дейін сауда үйлері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін, Ashyq көшбасшылары 00.00-ге дейін жұмыс жасаса, енді өздерінің бекіткен жұмыс кестесіне сәйкес қызмет ете алады.

Сол секілді фудкорттар бұрын сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін ашық болса, бұдан былай олар да өз уақытымен жұмыс істейді.

Ashyq қосымшасымен қоғамдық тамақтандыру орындары бұрынғыдан екі сағатқа артық жұмыс істей алады.

Театрлар мен кинотеатрлар сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс жасап келсе, енді уақытын 00.00-ге дейін созады.

Ashyq көшбасшылары өз жұмыс кестесімен қызмет атқарады.

Қаулыға жаңа тармақ қосылды. Енді жиналыс, кеңестер, семинар, конференцияларды қашықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің биылғы қыркүйектегі №42 қаулысының талаптарын сақтай отырып, оффлайн режимде өткізуге рұқсат берілді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-15
Утром9.99 ℃
Днем18.48 ℃
Вечером18.6 ℃
Ночью16.18 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.27 м/с
2025-05-16
Утром12.31 ℃
Днем20.08 ℃
Вечером20.03 ℃
Ночью14.88 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра4.7 м/с