Жаңа кадрлардың іріктелуін өзім қадағалаймын – БҚО әкімі
Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өзінің Facebook-тегі парақшасында бірінші шілдеден бастап мемлекеттік қызметшілердің жалақысы өскендігін жазған.
– Әкімдіктерге жұмысқа ақы төлеу деңгейіне қанағаттанбаған адамдарды тарту мүмкіндігі пайда болды. Мен үшін мемлекеттік қызметке өңірдің дамуына өз үлесін қосқысы келетін білікті де білімді, парасатты, адал, патриот адамдардың келуі өте маңызды. Сондықтан мен өзім жаңа кадрлардың іріктелуін қадағалайтын боламын, – деп жазды аймақ басшысы.
Әкімнің айтуынша, облыс әкімі аппаратының маңызды бөлімдерінің біріне бас инспектор ретінде үш адам керек.Стандартты біліктілік талаптарынан басқа (сайтта https://www.gov.kz/…/bko/press/news/details/238515… ), конкурстық комиссия мына критерийлер бойынша бағалайды. Олардың функционалдық міндеттеріне: өңірдегі проблемалық жағдайларды егжей-тегжейлі талдау, оларды шешу бойынша ұсыныстар дайындау, орындалуын сүйемелдеу және бақылау кіреді. Конкурстық комиссия стандартты біліктілік талаптарынан басқа, креативті ойлау мен талдау дағдыларын бағалайтын болады.
– Тіркелген жалақы айына 250-280 мың теңге. Нақты нәтижеге қол жеткізген жағдайда Бонус. 30 күндік демалыс. Жұмыс қызықты және жауапты. Түйіндемені электронды мекенжайға жолдау a.kadr@bko.gov.kz, – деді Есқалиев.