Оралда ыстық суды айырады
«Жайықжылуқуат» АҚ жылу энергиясын тұтынушылар мен қала тұрғындарына 13.09.2021 ж.бастап 22.09.2021 ж. дейін Орал қаласының жылу желілеріне гидравликалық сынақтар жүргізілетінін хабарлайды.
10.02.2012 ж. №4 жылу желілерін пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қаланың жылу желілерін 2021-2022 жж. жылу маусымына дайындау үшін 16 атм дейінгі қысыммен магистральдық желілердің тығыздығы мен беріктігіне сынақтар жүргізілуде., және кварталішілік желілер 12 атм.
Сынақ кезеңінде тұтынушыларға жылу пункттері мен басқару тораптарындағы ішкі жылыту, ыстық сумен жабдықтау және желдету жүйесі ажыратылуы тиіс.
Сынақ кезеңінде жылу желілерінің құбырлары мен жылу құдықтарының өту орындарында болуға және кез келген жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
Сынақтан өткен жылу желілері ыстық су беріле отырып, мерзімінен бұрын қосылатын болады.
Құбырлардың жарылуы, жылу тасығыштың ағуы байқалған жағдайда 23-95-07, 23-79-57, 23-95-37 телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз. «Жайықжылуқуат»АҚ әкімшілігі.