Министрліктер 24 млрд теңге игермеді – Жамаубаев

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаржысын ең көп игермеген өңірлер мен ведомстволарды атады. Бюджет ақшасын ең көп игермеген өңірлер – Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстары.

Айтуынша, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда барлық бюджет деңгейінде атқарылу көрсеткіші жоғары. Республикалық бюджет бойынша 9,9 триллион теңгеге шығыс жүргізілді. 31 миллиард теңге атқарылған жоқ, оның ішінде 7 миллиард теңгесі – үнемдеу.

«Игерілмегені – 24 миллиард теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары денсаулық сақтау, ішкі істер, мәдениет және спорт, әділет, төтенше жағдайлар министрліктерінде қалыптасты», – деді Жамаубаев үкімет отырысында.

Айтуынша, бюджет қаржысын игермеудің негізгі себептері – төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды, төлем нақты көрсетілген қызметтер көлемі үшін жүргізілген, орындалған жұмыстардың актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау және тағы басқа.

Министрдің мәліметінше, жергілікті бюджеттер шығысы 5,2 триллион теңге болған. 64 миллиард теңге атқарылмаған.

«Биыл өңірлерге 2,5 триллион теңге нысаналы трансферт көзделді. 1 қыркүйекке дейін оларға 1 триллион 358 миллиард теңге бөлінген. Оның 98%-і игерілді. Игерілмегені – 23,5 миллиард теңге», – деді ол.

Бюджет ақшасын ең көп игермеген өңірлер – Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстары.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-15
Утром-10.63 ℃
Днем-4.08 ℃
Вечером-3.83 ℃
Ночью-4.28 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра7.94 м/с
2025-02-16
Утром-2.37 ℃
Днем-5.16 ℃
Вечером-9.21 ℃
Ночью-10.07 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра10.08 м/с