Орал маңындағы орманнан жас әйелдің денесі табылды
Орал маңындағы орман алқабынан белгісіз бір жас әйелдің денесі табылды. Қазір марқұмның жеке басы анықталу үстінде.
Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлады.
«15 қыркүйек күні түстен кейін сағат екіде Ветелки ауылының жанындағы орман алқабында әйелдің денесі табылды. Мәйіт жеке басын және қайтыс болу себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК – нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері тергеу құпиясына сілтеме жасай отырып, басқа ешқандай мәліметтерді жария етпейді.
Алайда, БАҚ-тың хабарлауынша, мүрде шөптер мен бұталар өртенген, баруы қатты қиындық тудыратын жерден табылған.
Сонымен қатар, бұрын әлеуметтік желілерде 21 жастағы қыздың із-түссіз жоғалуы туралы ақпарат пайда болды. Анастасия Черная 13 қыркүйекте жас жігітімен бірге тұрған үйден шығып кетіп, әлі оралмаған. Жоғалған қыздың анасы оның телефоны кенеттен өшіп, байланысқа шықпай қалғанын айтты.