Орал тұрғындары есірткіні орманға жасырған

БҚО-ның екі тұрғыны облыс орталығында интернет желісінде есірткі заттарын сатуды ұйымдастырғаны үшін қолға түсті. Есірткі заттарын сатуды ұйымдастырғаны үшін 20 және 21 жастағы екі Орал тұрғыны ұсталды.

БҚО полиция департаментінің фотосы

БҚО полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Махсұтхан Аблазимовтың мәлім еткеніндей, орман алқабында, сондай-ақ күдіктілердің мекенжайларын тінту кезінде 1 келіден астам ұнтақ есірткі заттары, 55 таблетка амфетамин және 500 грамға жуық өсімдік тектес есірткі заттары тәркіленді.

Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде синтетикалық есірткі заттарының 4300-ден астам мөлшерінің таралуына жол берілген жоқ.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оның сөзіне қарағанда, жыл басынан бері заңсыз есірткі айналымына қатысты 66 қылмыс анықталып, 81 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Соның 23-і есірткі сату, 15-і есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтау, 18-і құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру, 9-ы есірткі контрабандасы, біреуі улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымына байланысты.

Заңсыз айналымнан 50 келіден астам есірткі алынса, соның 1 кг 336 грамы – синтетикалық есірткі түрлері.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-17
Утром12.66 ℃
Днем21.67 ℃
Вечером22.78 ℃
Ночью17.85 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра5.05 м/с
2025-05-18
Утром14.92 ℃
Днем22.47 ℃
Вечером23.29 ℃
Ночью19.07 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра5.21 м/с