Оралда 198 отбасы жаңа пәтер кілттеріне ие болды
Қоныс тойын тойлаудың салтанатты рәсімі қала күнін мерекелеу аясында өтті. Зашағандағы тоғыз қабатты үй республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынған. Құрылыс жұмыстарын «Болашақ-Т»ЖШС жүргізді.
Үйде 99 екі бөлмелі, 81 бір бөлмелі және 18 үш бөлмелі пәтер бар. Тұрғын үй құрылысының құны-шамамен екі миллиард теңге.
Жаңа тұрғын үй кезекте тұрғандар – көп балалы және толық емес отбасылар, аз қамтылған азаматтар, балалар үйлерінің бұрынғы тәрбиеленушілері арасында бөлінді. Әлмұқановтар отбасы үшін – қоныс тойы-көптен күткен қуанышты оқиға болды.
«Біздің жеке пәтеріміз болмады және тұрғын үйді жалға алуға тура келді. Біз бес баланы тәрбиелеп, тағы біреуін күтеміз. Қазір үш бөлмелі жаңа пәтерге қоныс аударамыз. Оның ауданы 80 шаршы метрден асады. Үй өте жылы және жайлы. Бізге барлығы өте ұнайды», – деді Әсел Әлмұқанова.
Сондай-ақ, жаңа пәтерлерге балалар үйлерінің 20 бұрынғы тәрбиеленушілері кірді. «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің директоры Өмірбай Қалымбетов атап өткендей, соңғы бес жылда 300-ге жуық жетім бала өз баспанасына ие болды.