Оралдағы №33 мектеп екінші тоқсанда оқушыларын қабылдайды

Кесте бойынша құрылысшылар бұл мектепті осы жылдың желтоқсан айында тапсыруы тиіс, деп хабарлады құрылыс компаниясы «Орал апталығы»журналистіне.

33 орта мектебінің оқушылары екі жыл бойы 2 орта мектебінде оқуға мәжбүр.

«Нүркапстройгаз «ЖШС мердігерлік ұйымының учаске бастығы Тимур Жаркеев соңғы жұмыстарды бір ай бұрын аяқтау жоспарланғанын хабарлады.

– Шарт бойынша және нысанның паспортында мектепті тапсыру осы жылдың желтоқсан айында болады деп көрсетілген, бірақ біз оны ертерек аяқтауды ойлаймыз. Келесі аптада ғимараттың шатыры толығымен дайын болады, — деді Тимур Жаркеев.

Жаңа мектептің ішінде әрлеу жұмыстары жүргізілуде, желдету жүйесі орнатылды, шатыр жұмыстары аяқталды. Жұмысшылар еден плиткаларын төсеп, мектеп ауласын абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.

Мектеп ауласын абаттандыру бригадасының бастығы Рафхат Жұмағалиевтің балалары жаңа мектепте оқитын болады.

Жаңа мектеп ғимараты 300 орынға есептелген. Ескі ғимаратта 400-ге жуық бала оқыды.

— Олар №2 мектепте оқиды, біз бүкіл отбасымызбен осы мектептің ашылуын күтеміз», — деді ол.

Мектептің құрылысын мұғалімдер мен ата-аналар бақылайды. Олардан комиссия әр апта сайын объектіге келеді, дейді құрылысшылар. «Біз оларды түсінеміз, олар құрылыстың сапалы болғанын қалайды», — деді Жұмағалиев.

Естеріңізге сала кетейік, 280 орынға есептелген № 33 орта мектептің ескі ғимаратын 400-ден астам оқушы оқыды. Мектеп ғимараты 1935 жылы салынып, апатты жағдайға тап болды. 2020 жылдың қаңтарында ол бұзылды. Оқушылар мен педагогтар №2 ЖОМ ауыстырылды.

Жаңа мектеп ғимараты 300 орынға есептелген. Ғимарат төрт қабатты, үш блоктан тұрады. Онда конференция залы, спорт және акт залдары бар.

Нысанда техникалық қадағалауды жүзеге асыратын «Құлман» ЖШС басшысының орынбасары Сергей Кульдяев №33 мектептің жобасы Құрылыста қолданылатын барлық стандарттарға сәйкес келетінін хабарлады.

— Жаңа мектептің салыну кезеңінде барлық құрылыс жұмыстары мәлімделген жобаға сәйкес келеді, – деді Сергей Кульдяев.

Мектеп құрылысына бюджеттен 1,7 млрд. теңге бөлінді.

Мария Драчева

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-10-16
Утром7.59 ℃
Днем12.59 ℃
Вечером11.99 ℃
Ночью10.38 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра2.92 м/с
2021-10-17
Утром9.01 ℃
Днем15.26 ℃
Вечером14.2 ℃
Ночью12.42 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.29 м/с