Ресейдің Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде атыс шығарған адам ұсталды
Желіде Пермь мемлекеттік университетінде оқ атқан 18 жастағы Тимур Бекмансұровтың фотосы пайда болды.

Күдікті 20 қыркүйекте студент Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің ғимараттарының бірінің аумағында жүріп, айналасындағыларға оқ жаудырған.
Пермь мемлекеттік университетінде болған оқиға салдарынан сегіз адам қаза болды, зардап шеккен 24 адамға көмек көрсетіліп жатыр. Бұл туралы Ресей денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды РИА Новости.
Күдікті өзінің қылмысын ұзақ уақыт бойы жоспарлағанға ұқсайды. Ол өз ойын әлеуметтік желіге ашық жазған.

“Мен бұл туралы ұзақ ойлап жүрдім, жылдар өтті, мен армандаған нәрсені іске асыруға бір сағат қалғанын түсіндім», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Алдымен ол бұрынғы мектебіне шабуыл жасағысы келді, бірақ наурыз айының соңында шешімін өзгерткен.
“Бұл мектеп «өмірінің соңғы 10 минутын өткізуге тым жағымсыз жер» деп жазған.
Бүгін, 20 қыркүйекте студент Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің ғимараттарының бірінің аумағында жүріп, айналасындағыларға оқ жаудырды. Нәтижесінде 8 адам қайтыс болды, бірнеше адам зардап шекті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы нақты мәліметтер нақтылануда.
Қылмыстық іс «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеледі.

Еске сала кетейік, 11 мамырда Ресейдің Қазан қаласында 19 жастағы Ильназ Галявиев, №175 гимназияда оқ жаудырып, жарылыс жасаған, атыс кезінде екі мұғалім және жеті бала ажал құшты. Қала әкімшілігінің дерегіне қарағанда, барлығы он бір адам, соның ішінде екі оқушы үшінші қабаттан секіріп, көз жұмған, оннан астам оқушы ауруханаға түсіп, барлығы 30 адам зардап шеккен.