«Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар» пилоттық жобасының мерзімі ұзартылады

Қазақстанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізу бойынша пилоттық жобаның мерзімі тағы ұзартылды, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті. Бұған дейін бірқатар тауарлар бойынша ілеспе жүкқұжаттарды міндетті түрде рәсімдеу шараларын енгізу жоспарланған болатын.

«Бизнес қауымдастық тарапынан тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды міндетті енгізуге дайындалу үшін қосымша уақыт беру туралы ұсыныстар түсіп жатыр. Осыған байланысты акцизделетін тауарлар, ЕАЭО аясындағы импорт/экспорт және «Виртуалды қойма» тауарлары бойынша пилоттық жобаның мерзімін 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды», – делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, бұған дейін бірқатар тауарлар бойынша ілеспе жүкқұжаттарды міндетті түрде рәсімдеу шараларын енгізу жоспарланған болатын. Бірақ кәсіпкерлер наразылық танытып, қосымша уақыт беруді сұраған.

Әзірге бұл жүйе тек пилоттық негізде ғана қолға алынып отыр. Сондықтан айыппұлдар және басқа да санкциялар қолданылмайды.

Ілеспе жүкқұжаттары не үшін керек?

Тауарлардың ілеспе жүкқұжаттары – бұл электронды форматта рәсімделетін бухгалтерлік құжат. Сол арқылы тауар шығарылған жерден бастап сатылғанға дейінгі барлық тізбекті бақылап отыруға мүмкіндік бар.

Салықшылардың айтуынша, ілеспе жүкқұжаттары бизнесті көлеңкеден шығаруға көмектеседі. Әйтпесе, шағын кәсіпкерлердің басым бөлігі салық тәртібін сақтамайды. Мәселен үйдің жанындағы дүкендерде түбіртек те берілмейді. Ал ілеспе жүкқұжаттары жүйесі арқылы тауардың қай жерде сатылғанын анық көруге болады.

Пилоттық жоба қолға алынған кезде шағын дүкендердің иелері жаңа бастамаға қарсылық білдірді. Олардың айтуынша, бәрін бір уақытта істеу мүмкін емес. Халыққа қызмет көрсету керек. Оған қоса электронды базаға тиісті мәліметтерді енгізіп отыру қажет. Сосын шығын көп шығады.

Қазақстандағы кәсіпкерлер осы бастамаға қарсылық білдіріп, наразылық акцияларын да ұйымдастырды. Біреулер бір күнге жабылса, енді біреулер қарсылық ленталарын іліп қойды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x