Оралда тек бір ғана құрылыс компаниясы тұрғын үйлерді салу үшін үлескерлердің қаражатын тартуға құқылы
Орал әкімдігі «Орал апталығы» редакциясының сұрауына жауап ретінде үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алған бір ғана құрылыс компаниясын атады, бұл «Болашақ-Т»ЖШС компаниясы.
Бұл құрылыс компаниясы тоғыз қабатты тұрғын үйлердің құрылысын жүргізеді: Ружейников к-сі, 14, №2, 2 корпус; Ружейников к-сі, 14, №1; Ружейников к-сі, 14, 3; Самал к-сі, 114.
Үлескерлердің қаражатын тартуға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімі жоқ, — деп жауап берді қала әкімдігі.
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» ҚР Заңына сәйкес үлестік қатысу келесі тәсілдердің бірімен ұйымдастырылады:
тұрғын үй құрылысына кепілдік беру Қорының кепілдігін алу;
Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;
тұрғын үйдің қаңқасын салғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.
Үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз тартуға елдің «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңнамасында тыйым салынады, бұл ретте Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 320-бабы, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауаптылық көзделген.
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңның 12-бабының 1-тармағына сәйкес үлестік қатысу туралы шарт тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, жергілікті атқарушы органда есепке алынуға жатады.