БҚО-да сәбиін өзгеге заңсыз берген ананың үстінен тергеу жүріп жатыр

«Stop-трафик» жедел алдын алу іс-шарасының аясында жаңа туған сәбиін ерлі-зайыптыларға заңсыз берген әйелдің үстінен тергеу басталған.

Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов ведомствоның ақпарат алаңында осындай ақпарат айтты.

«Stop-трафик» жедел алдын алу іс-шарасының аясында адамды жұмысқа салу үшін бас бостандығынан заңсыз айырудың 1 фактісі, 3 адам сату фактісі, кәмелетке толмағандарды сатудың 7 фактісі белгілі болды. Жезөкшелікке тартудың 16 фактісі әшкереленді. Оның ішінде кәмелетке толмағандарды осындай іске тартудың 3 оқиғасы тіркелді. Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық қызмет ұйымдастырудың 47 фактісі белгілі болды. Бұдан бөлек жөзекшелікпен және жеңгетайлықпен айналысатынын біле тұрып, ғимарат ұсыну бойынша 22 әкімшілік құқық бұзу фактісі тіркелді», – деді ІІМ өкілі.

Оның айтуынша, қоғамдық орында тиісу фактісі бойынша 400-ден астам әкімшілік қаулы толтырылған.

«Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері 27 жастағы әйелдің тамыз айында жаңа туған нәрестесін келісім бойынша ерлі-зайыптыларға асырау үшін бергенін анықтады. Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу және жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр», – деді Қанат Нұрмағамбетов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-23
Утром14.6 ℃
Днем18.62 ℃
Вечером20.14 ℃
Ночью14.15 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра6.35 м/с
2025-05-24
Утром11.74 ℃
Днем19.59 ℃
Вечером18.79 ℃
Ночью13.45 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра6.83 м/с