Қыркүйек айында Қарашығанақ жобасында 1700-ден астам адам жұмысынан айрылды
Қыркүйек айында кен орнындағы жұмыс көлемінің аяқталуына байланысты мердігер ұйымдарда 1 733 қызметкер жұмыссыз қалды. Оның 1515-і облыс тұрғындары, – деп хабарлады жұмыспен қамту басқармасынан.
Кадрларды қысқартуды 50-ге жуық мұнай сервистік компания жүргізді. Тағы 9 мердігер компания ағымдағы жылдың соңына дейін 482 қызметкерді жұмыстан босатуды жоспарлап отыр.
Бүгінгі таңда, қолда бар мәліметтерге сәйкес, Қарашығанақ жобасында жүздеген жұмыскерлер жалақысы сақталмайтын демалыста, толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыс істейді, уақытша тоқтап қалуға байланысты 42500 теңге еңбекақы төлеу қамтылған.
Қазіргі уақытта БҚО – да жұмыссыздық деңгейі жоғары-4.9%.
Бұған дейін Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағы төралқасының төрағасы Рашид Жақсылықов «Ақжайық» басылымына берген сұхбатында мұнай өндіруші компаниялардан, оның ішінде «Қарашығанақ петролеум оперейтинг» компаниясынан қолданыстағы келісімшарттарды оңтайландырмауды және жалақы мөлшерлемесін төмендетпеуді талап еткендерін хабарлаған болатын.
«Бірақ, өкінішке орай, бұл болмайды», — деп түйіндеді Жақсылықов. Ол КПО б. в. компаниясы бұл келісімдерді «үш» бағасына орындайтынын айтты.