БҚО әкімінің бірінші орынбасары болып Арман Өтеғұлов тағайындалды

Ол бұл қызметті 2015 жылдан 2018 жылға дейін атқарған еді.

Бүгін, 28 қыркүйекте облыс әкімдігінде өңір әкімінің бірінші орынбасары болып, Теректі ауданының басшысы қызметін атқарған 57 жастағы Арман Өтеғұлов тағайындалды. Өтеғұлов үшін бұл лауазым жаңа емес екенін, 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін ол бұл лауазымды атқарғанын атап өту қажет.

Бұл жолы ол Мұхтар Манкеевтің орнына келді, ол осы жылдың шілде айында «Самұрық-Қазына»АҚ-да корпоративтік басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директор лауазымын алды. Мұхтар Манкеев өңір басшысының бірінші орынбасары қызметінде шамамен екі жыл болды.

Арман Өтеғұлов 1964 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1989 жылы Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтын «Мал дәрігері»мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы-Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университетін «Экономика бакалавры»мамандығы бойынша тәмамдаған. 2016 жылы-Қазақстан инновациялық коммуникациялық жүйелер университетін «Экономика ғылымдарының магистрі» мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс істеген жылдары:

1989-1991 жылдары-Орал облысы» Ақкөл » совхозының аға мал дәрігері.;

1991 -1996 жылдары – «Ақкөл» совхозының бас мал дәрігері.;

1996 -1998 жылдары-БҚО Казталов ауданы «Талдыапан» ұжымдық ауыл шаруашылығы кәсіпорнының директоры;

1998 – 2002 жылдары – Казталов ауданы әкімінің орынбасары;

2002-2002 жылдары-БҚО әкімі аппаратының агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі бас инспекторы;

2002-2013 жылдары-БҚО Қаратөбе, Теректі аудандарының әкімі;

2013 – 2014 жылдары-БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы;

2014-2015 жылдары-БҚО әкімінің орынбасары;

2015-2018 жылдары-БҚО әкімінің бірінші орынбасары;

2018 – 2020 жылдары – ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы;

2020 жылдан бүгінгі күнге дейін – Теректі ауданының әкімі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-17
Утром10.23 ℃
Днем20.35 ℃
Вечером19.44 ℃
Ночью12.97 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра6.67 м/с
2024-09-18
Утром8.28 ℃
Днем19.17 ℃
Вечером19.21 ℃
Ночью12.75 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра5.64 м/с