БҚО-да азаматты қорғаныс істері жөніндегі Департаментте Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлағаны үшін марапаттады
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де түрде жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесетін өзге де адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысымен бекітілген.

Пара немесе келтірілген залал сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын немесе залал келтірілмеген Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерде белгіленеді:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы Әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК (87 510 теңге);
2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша-40 АЕК (116 680 теңге);
3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК (145 850 теңге);
4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша-70 АЕК (204 190 теңге);
5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК (291 700 теңге).
Пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны бір мың АЕК – тен асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының он пайызын құрайды, бірақ төрт мың АЕК-тен аспайды (2021 жылға арналған АЕК есебінен 11 668 000 теңгеден аспайды).
Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысы бойынша 350 040 теңге сомасына 2 адам ынталандырылды.
Оның ішінде, қорғаныс департаментінің қызметіндегі қылмыстарды ашуға ықпал еткені үшін 204 190 теңге, ал тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қылмыстарды ашуға ықпал еткені үшін 145 850 теңге мөлшерінде сыйақы берілді.
Сонымен қатар, облыс тұрғынының ақпараты бойынша, квазимемлекеттік сектор директорына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Алайда құқық бұзушылық туралы хабарлаған азамат сыйақы алудан бас тартты.
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы Call-орталыққа тәулік бойы жұмыс істейтін 1424 нөмірі бойынша хабарлауға болады.
Дереккөзі: kazlenta.kz