БҚО-да дизель отынын сатуға шектеу қойылды
Жанармай құю станцияларында дизель отынын жіберу талон бойынша жүз литрден аспайды.
БҚО энергетика басқармасы бұл уақытша және мәжбүрлі шара екенін хабарлады.
Энергетика басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Мұхамбетқалиев облыс әкімшілігі облыстың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың үздіксіз жұмысын қолдау үшін отын босатуға лимит енгізу туралы шешім қабылдауға мәжбүр болғанын хабарлады.
Оның айтуынша, тамыз айында облыста дизель отынының үлкен шығыны байқалды, себебі транзиттік көлік жүргізушілері Қазақстан аумағында дизель отынын құяды.
– Дизель отыны бізде Ресей Федерациясының көрші облыстарымен салыстырғанда жүз теңгеге арзан. Жүк көлі жүргізушілер бактарын дизель отынмен толтырып алады, ал олардың бактары тоннадай болады.
Энергетика басқармасында Энергетика министрлігінен дизель отынының тапшылығын шешуді күтуде.
— Алдағы уақытта облыста дизель отынын үздіксіз сату қалпына келтіріледі деп үміттенеміз, – деді Қайрат Мұхамбетқалиев.
Өңірге мұнай өнімдерін негізгі жеткізуші «Атырау МӨЗ»ЖШС болып табылады. Зауыт өкілдерінің ақпараты бойынша, зауытпен тәуліктік жөнелту Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырылады — 40% ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, егін жинау жұмыстары — 30%, өнеркәсіптік кәсіпорындар-20% және тек 10% ЖМҚС бөлшек сауда желілері үшін беріледі.
Мария ДРАЧЕВА