БҚО-да ерекше қорғалатын аумақта ағаштар заңсыз кесілген
Шығын 500 мың теңгеден асты.

Батыс Қазақстан облысында заңсыз ағаш кесілген, деп хабарлайды Liter.kz.
Ағашы кесілген жер 24 қыркүйекте Теректі ауданының аумағында болған. Хабарланғандай, арнада жұмыс жүргізу кезінде учаске бастығының нұсқауы бойынша жұмысшы ағаштарды кесіп тастаған.
Ер адам ерекше қорғалатын аймақта 53 ағашты кесіп тастады. Шығын 512 032 теңгені құрады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 340-бабы 3-бөлігі «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі.