Оралда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері қазан айында да өткізіледі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, алдағы уақытта жәрмеңкелерді ұйымдастыру ауа-райына және коронавирустық індеттің дамуына байланысты болады.
Жәрмеңкелер қала тұрғындары үшін әдеттегі мекен-жайлар бойынша: осы сенбі күні, 2 қазанда — Ихсанов көшесі бойынша, ал 3 қазан жексенбі күні — Жәңгір хан көшесі, 52б, «Жәңгір хан» сауда үйінде өтеді.
Мария ДРАЧЕВА