Саяси диссидент Арон Атабек бостандыққа шықты
Ол жазылмайтын ауруға байланысты бас бостандығын шектеуге ауыстырылды.
1 қазан, жұма күні Павлодар қаласының № 2 соты Арон Едігеевтің (Атабек) өтелмеген жазасын ауруына байланысты жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырды.

«Сотталған адам емделмейтін аурумен ауырады:» М 50.0. Миелопатиясы бар мойын бөлігінің омыртқааралық дискісінің зақымдануы (G99.2). M50.1 мойын деңгейінде жұлынның дегенеративті-демиелинизациялық ауруы және т. б.». Бұл ауру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 19.08.2014 жылғы №530 бұйрығымен бекітілген жазаны өтеуден босатуға негіз болып табылатын сотталғандардың аурулар тізбесіне кіреді», — деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Мәселен, Заңның талаптарына сәйкес (ҚК-нің 75-бабының 2-бөлігі) жазаны өтеуге кедергі келтіретін ауыр науқастан зардап шегетін адамды сот жазаны өтеуден босатады не ол аурудың сипатын, жасалған қылмыстың ауырлығын, сотталған адамның жеке басын және басқа да мән-жайларды ескере отырып, жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін, деп нақтыланды сотта.
«Заңда баяндалған мән-жайлар мен процеске қатысушылардың пікірін ескере отырып, сотталған адамға пробациялық бақылау белгіленіп және міндеттер жүктеле отырып, бас бостандығын шектеуге жаза 1 жыл мерзімге ауыстырылды.
Сот шешімімен келіспеген жағдайда сотталған және процеске басқа да қатысушылар апелляциялық сатыдағы сотқа шағымдана алады», – делінген шешімде.

Арон Атабек 2008 жылы 5 қазанда 18 жылға қатаң жазаға тартылды. Оған 2006 жылы Шаңырақ шағын ауданында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып, полиция қызметкерін өлтірді деген айып тағылды. Үкімге сәйкес, оны қамауға алу мерзімі 2006 жылдың 17 шілдесінде басталып, 2024 жылдың 16 шілдесінде аяқталды. Атабек темір тордың ар жағында 15 жыл отырды. (Ратель)