Жайықтың бойындағы орман алқабын Ресеймен бірлесіп қалпына келтіреміз – Серікқали Брекешев

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында Жайықтың экожүйесін қалпына келтіру бағытында атқарылып жатқан шаруаларға тоқталды.

«Қазіргі уақытта Жайық суының ортаю үрдісі және оның экожүйесіндегі ахуалдың нашарлауы елеулі алаңдаушылық туғызып отыр. Шекара маңы ынтымақтастығының 16-шы форумында берілген тапсырма бойынша біз Жайық пен Ертіс өзендерін экологиялық сауықтыру жөніндегі бағдарламаларға, сондай-ақ барлық трансшекаралық өзендерді бірлескен гидрологиялық тұрғыда зерттеу жөніндегі бірыңғай жол картасына қол қойдық», – деді Серікқали Беркешев.

Оның айтуынша, биылғы бірінші жартыжылдықта қос тарап Жайық пен Ертістің гидрологиялық деректерін жинап, алмасқан.

«Қос ел сарапшылары өзен суының әр жылда әрқалай болатынын ескере отырып, бақылау тұстамаларына дейін судың келу уақытын есептеуге кірісіп кетті. Бірыңғай жол картасы Жайық өзенінің гидрологиялық режимін, оның ішінде су қоймаларының жұмыс режимі есебінен жақсарту бойынша жүйелі шаралар әзірлеуге мүмкіндік береді. Күш біріктіру арқылы біз өзенге тасталатын төгінділердің көлемін азайтып, жағалау аймағындағы көне ластану ошақтарын жоюға, су түбін тереңдету жұмыстарына және өзен арнасын тазартуға, өзен қапталындағы ормандар мен уылдырық шашатын жерлерді қалпына келтіруге күш саламыз», – деді министр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-08-18
Утром22.77 ℃
Днем28.77 ℃
Вечером24.78 ℃
Ночью23.99 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра8.03 м/с
2022-08-19
Утром18.7 ℃
Днем25.57 ℃
Вечером25.04 ℃
Ночью19.13 ℃
Влажность26 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра9.57 м/с