Оралда 700 миллион теңгенің бульвары пайда болады
Оралда 700 млн теңгенің бульвары салынуда. Әбілқайыр хан даңғылындағы жұмыстардың бір бөлігі аяқталды. Қалалық әкімдікте атап өткендей, бұрын осы аумақта жайма базар болатын, онда киімдер және азық-түлік сатылды. Қазір бұл жер абаттандырылған онда демалып, балалармен ойнай аласыз.

Әбілқайыр хан даңғылындағы «Жайық» дүкенінің жанындағы жайма базар он жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Сондай-ақ, саудагерлерге үнемі шағымдар түсті. Адамдар іргелес аумақтағы қоқыс пен антисанитарияға наразы болды. Ет, балық, жемістер мен көкөністер тікелей жерден сатылды. Бірақ биыл қала билігі абаттандыру жобасын бастады.
– Соңғы уақытқа дейін бұл жерде базар болған. Көкөністер, киімдер сатты. Қазір бәрі әдемі, – деді қала тұрғыны Татьяна Ильясова.
ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жобаны түзетуге тура келгенін атап өтті. Осыған байланысты оның құны өсті.
– Түзетулерге байланысты сома екі есе өсті. Қазір ол 700 миллион теңгені құрайды. Келесі жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз, – деді Орал қаласының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиев.
Айта кетейік, Орал билігі қоғамдық орындардағы жайма базарды жою міндетін қойып отыр. Енді олардың назарында – орталық базарға іргелес жатқан аумақ.
-Біз онда абаттандырғымыз келеді. Сызбалары жасалуда. Жайма базарды жоюды жоспарлап отырмыз. Онда тұрақ ұйымдастырылады. Абаттандыру жұмыстары жеті көшені қамтиды, – деді Орал әкімінің орынбасары Мирас Мұлқай.
Айта кетейік, қазір бірқатар скверлер мен бульварлар бойынша ЖСҚ әзірленуде. Жобалар қаржыландырудың түсуіне қарай іске асырылатын болады.
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ОҚЫҢЫЗ: Орал билігі жайма базарлармен күресті жалғастыруда
«Біздің аулада сауда орталығы болмайды» — Орал тұрғындары құрылысқа тыйым салды
«Бізге ауланың ортасында сауда үйі қажет емес» — Орал тұрғындары (БЕЙНЕ)