Оралда мемлекет тәркіленген темекіні сақтауға 60 млн теңге жұмсалған

Тәркіленген заттар қоймаларда және мұздатқыштарда бірнеше жылдан бері сақталуда.

БҚО қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Есенғалиевтің айтуынша, тәркіленген заттарды сақтау жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Мысалы, жергілікті атқарушы органдардың сақтауында 2,7 тонна балық бар, оған жергілікті бюджет қаражатынан 50 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды.

– Оларды сату үшін, ал түскен қаражатты мемлекет кірісіне айналдыру үшін соттың тиісті шешімі қажет. Бірақ соттың жою туралы жарияланған шешімі орындалмайтын жағдайлар бар. Мысалы, Орал әкімдігінде 6,7 миллион бірлік темекі өнімдері бар, оларды сақтауға үш жыл ішінде 58 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалды, – деп атап өтті Нұрлан Есенғалиев.

Өңір басшысы Ғали Есқалиев екі жыл ішінде осындай заттарды сақтауға 100 миллион теңге жұмсалғанын атап өтті.

– Меніңше, бұл үлкен мәселе емес, бірақ ресурстарды жұмсау тұрғысынан маңызды рөл атқарады. Браконьерлерді ұстауға, мүлкін тәркілеуге, қоймаларға жеткізуге, сақтауға көптеген адамдар жұмылдырылып, бюджет қаражаты жұмсалады. Бізде бірнеше жылдар бойы қоймаларда сақталған тәркіленген заттар бар. Республикалық бюджетке пайда әкелудің орнына, керісінше, шығындар артады. Бұл дұрыс емес, сақтауда темекі өнімдері, балық, ақбөкен мүйіздері бар. Бір ай мерзім ішінде тәртіп орнауы керек, не жойып, не сатуыңыз керек, ал ақшаны мемлекет кірісіне аударыңыз. Үш жыл ішінде тәркіленген 3 272 киік мүйізінің тек 918-і ғана жойылды. Кеңес заманында олар тиісті органдар арқылы рәсімделіп, сатылды. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі жөніндегі аумақтық инспекция министрлікпен бірлесіп осы мәселені пысықтауға тиіс, өйткені киіктің үш мыңнан астам мүйізі қомақты ақшаға бағаланатын болады. Өйткені, біз оларды сатпаймыз және жоймаймыз. Сонда бәрі қайда кетеді? Заңсыз айналымға ма? Прокуратура органдары бұған да назар аударуы керек, – деді Ғали Есқалиев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

two × two =

x
2023-04-01
Утром4.65 ℃
Днем5.56 ℃
Вечером5.19 ℃
Ночью5.37 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.94 м/с
2023-04-02
Утром2.81 ℃
Днем12.94 ℃
Вечером14.14 ℃
Ночью8.44 ℃
Влажность32 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра6.9 м/с