Қанша қазақстандық шенеуніктің шетел банктерінде шоттары бар

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің шетелде қанша банктік шоттары, жылжымайтын мүліктері мен көліктері бар екені есептелді, деп хабарлайды LS.

Фото: elements.envato.com

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев елдегі жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңін қорытындылады. Өздерінің активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтерді мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынды.

«Декларация тапсырған 497 мың тұлғаның 440-ының 58 мемлекеттің шетелдік банктерінде шоттары бар. Ақшаның жалпы сомасы 691 млрд теңгені құрайды. Олардың басым бөлігі Ресейде (140 жеке тұлға), АҚШ-та (65) және Швейцарияда (38) шоғырланған», – деп атап өтті Іңкәрбаев.

Оның мәліметінше, 494 адам Қазақстаннан тыс жерлерде, 26 елде 666 жылжымайтын мүлік объектісін декларациялаған. Оның 436-сы Ресейде, 44- і БАӘ-де, 38-і Түркияда.

«1030 жеке тұлға 49 шет елде 1198 көлік құралын декларациялаған. Оның ішінде 292 – Ресейде, 235– Арменияда, 221 – Жапонияда, 162 – Германияда», – деп хабарлады МКК өкілі.

Іңкәрбаевтың мәліметінше, 47 жеке тұлғаның шетелдегі жеке құрылымдарда үлесі – Ресейде, БАӘ-де, Кипрде. Және де 11 елде 1603 жылжымайтын мүлік объектісінің үлесі бар, оның ішінде 1568 – Қазақстанда.

Спикер, сондай-ақ, қазақстандық шенеуніктердің басқа да активтері туралы деректерді келтірді. Осылайша, 116 адам инвестициялық алтынды, 918 – 25 елдегі бағалы қағаздарды декларациялады, 608-і 635 инвестициялық қорда пайларға ие, 212-сі 218 зияткерлік меншік нысаны мен авторлық құқық, 355 – дебиторлық берешек, 578-і кредиторлық, деп түсіндірді Іңкәрбаев.

Ол 2025 жылға қарай жалпыға бірдей декларациялаумен Қазақстанның барлық тұрғындары қамтылатынын еске салды.

«Мемлекеттік қызметшілердің бір бөлігі декларацияны да ұсынады, бірақ табыстар мен жылжымайтын мүлік объектілерін көрсетпеу үшін оларды өз туыстарына, таныстарына және т.б. тіркейді, сондықтан бізде 2025 жылға дейін халықтың барлық топтары кезең-кезеңімен қамтылатын болады. Осылайша, мұндай схемалар мен манипуляцияларға жол берілмейді«, – деді Іңкәрбаев.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-09
Утром-11.67 ℃
Днем-5.09 ℃
Вечером-6.3 ℃
Ночью-7.58 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1043
Скорость ветра3.63 м/с
2024-12-10
Утром-9.19 ℃
Днем-4.42 ℃
Вечером-4.69 ℃
Ночью-5.74 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра4.46 м/с