«Балмұздақ сатып әперемін»: Оралда ер адам 8 жасар қызды алдап үйіне шақырған
Оралда ер адам сегіз жасар қызға азғындық әрекет жасады. Күдікті баланы балмұздақ сатып әперемін деп уәде беріп, үйіне алдап шақырған.
Қыз көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген.
«Қылмыскер оған балмұздақ сатып әперген, содан кейін алдап үйіне шақырған. Сөйтіп бірнеше сағат бойы азғындық әрекет жасаған. Қазіргі таңда прокуратура күдіктіні сотқа тапсырды», – деді Батыс Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі Әсел Берқалиева.
Оның айтуынша, бүгінде балаларға қарсы қылмыстың басым бөлігі ата-аналар мен туыстарының қарауынсыз қалған кезде жасалады.
Берқалиева жуырда тағы бір оқиға болғанын айтты. Жасөспірім қыз темір жол ауданында орналасқан үйіне бара жатқанда белгісіз ер адам жүгіріп келіп, азғындық әрекет жасаған. Сот оны кінәлі деп тауып, 12 жылға бас бостандығынан айырды.
Қылмыстық істер материалдарына сүйенсек, балалар үйде жалғыз қалғанда есікті жаппайды, сондай-ақ көшеде танымайтын адамдармен сөйлесе береді, бейтаныс адамдармен лифтке кіреді, үйге қандай қауіпсіз жолдармен баруға болатынын білмейді. Дәл осындай сәттерде олар педофилдердің көзіне түседі, деп нақтылады аға көмекші.
БҚО прокуратурасы ата-аналар мен қамқоршыларға «Ата-ана бақылауы» қосымшасының көмегімен баланың Интернетке кіруін шектеу шараларын қабылдауға кеңес береді.
Зорлық-зомбылықтың алдын алуға болады, бірақ бұл үшін балаға «10 ережені» үйренуге көмектесіңіз:
1. Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлесуге болмайды.
2. Кіре беріс пен лифтке бейтаныс адамдармен кіруге болмайды.
3. Бөтен машинаға отыруға болмайды.
4. Отбасындағы күн тәртібі туралы ешкімге айтуға болмайды.
5. Таныс емес адамдардан сыйлық алуға және олармен бірге бір жаққа баруға болмайды.
6. Көшеде жалғыз жүруге болмайды, әсіресе қараңғылық түскенде.
7. Егер үйде ересектер болмаса, пәтер есігін ешкімге ашпаңыз (бейтаныс адам су сұрайды, ата-анасын қағаз жазып кетемін, құжаттарды беремін дейді және т. б.)
8. «Қауіп-қатер тобымен» (маскүнемдер, нашақорлар, сотталушылар және т.б.), тіпті егер ол кіреберістегі көршілер немесе алыс туыстар болса да байланысуға болмайды.
9. Сіз балаға Интернетке еркін шексіздік бермеңіз, белгілі бір шектеулер қойып, оларды балалармен талқылаңыз.
10. Зорлық-зомбылыққа (физикалық және жыныстық) жол бермеу керек, сіз ересектерге (кімге сенесіз) хабарлауыңыз керек.
Кішкентай баланы көшеде қараусыз қалдырмаңыз. Егер сіздің мектеп жасындағы балаларыңыз болса, олар әрқашан қайда және кіммен уақыт өткізетінін айтып жүрсін. Баланың қауіпті жерлерде жүруіне, қыдыруға бейім балалармен дос болуына, сабақты өткізіп жіберуіне тыйым салыңыз.
Кіреберістің жанында, мектеп ауласында, балабақшаның жанында мақсатсыз жүрген жалғыз ер адамдарға абай болыңыз. Бұл туралы полицияға хабарлаңыз. Кейде учаскелік инспекторға ықтимал қылмыскердің құжатын тексеру жеткілікті.
Балаңызға достармен бірге жүру, әсіресе кеш түскенде қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз. Қылмыскер әрқашан жалғыз жүретін баланы аңдиды.
Егер сіз оны өзіңіз алып кете алмасаңыз, баланы сабақтардан, үйірмелер мен секциялардан қатарластарымен бірге келуін қадағалаңыз.
Баламен жылы, сенімді қарым-қатынас орнатыңыз. Үйде махаббат пен түсіністік жоқ балалар жиі қиындыққа тап болады.