Жаңақала ауданының әкімі ауысты
Бұл қызметке бұрын аудандық мәслихатты басқарған 49 жастағы Дархан Закарин тағайындалды.
Әр жылдары агроном, ауылдық округ әкімі, «Коммунальник» МКК директоры, аудан әкімінің орынбасары, мәслихат хатшысы қызметтерін атқарған.
2017 жылы мемлекеттік қызметшілердің әдеп жөніндегі облыстық кеңесінің шешімімен Жаңақала ауданының тұрғын үй комиссиясының мүшелеріне «Тұрғын үй қатынастары туралы»заң нормаларын сақтамағаны үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Ол кезде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйлер тұрғын үй кезегін бұзып бөлінген болатын. Дархан Закарин сол кезде комиссия төрағасының орынбасары болды.
Жаңақала ауданының бұрынғы әкімі Наурызбай Қарағойшин бұл қызметті 2017 жылдың шілде айынан бері атқарып келді.