Жайық өзенінің ластанғанын анықтау үшін кешенді тексеру жасалды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жайық өзенінің экожүйесін сақтау үшін қандай шаралар атқарылып жатқанын айтып берді.

Жайық трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру жөніндегі Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде 26-30 сәуір аралығында ҚР Экология министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен өзен бассейніне ластанудың барлық көздерін және оның экожүйесіне теріс әсер етудің басқа да факторларын анықтау тұрғысынан кешенді зерттеу жүргізілген.

Жүргізілген зерттеу барысында трансшекаралық аумақтардан, сарқынды су төгінділері байқалатын жерлерден сынама алынды.

Су объектілерінің, оның жағалау аймағының жай-күйіне көзбен шолу және гидрологиялық тексеру жүргізілді.

Ластанудың болжамды көзі орындарында ауаның ластану деңгейін 6 көрсеткіш (күкіртті сутек, формальдегид, аммиак, күкірт диоксиді, азот оксиді, азот диоксиді) бойынша өлшеу және су сапасына гидрохимиялық талдау 33-38 көрсеткіш бойынша жүргізілді.

Кешенді тексеру қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының аумағында су сапасының 4 және 5-класы, Атырау облысында – 1-4-класы анықталды.

Батыс Қазақстан облысы аумағында Жайық өзенінің су сынамасында ОБТ5 (5 тәулік ішінде оттегін биохимиялық тұтыну), фосфаттар мен жалпы фосфор, аммоний-ион, жалпы темір, магний және хлоридтер бойынша Бірыңғай жіктеу жүйесіне сәйкес су сапасының 1-класы (ең жақсы сапа) нормаларының асып кетуі байқалады.

Жоғарыда аталған ластаушы заттарды шамадан тыс мөлшерде табу қардың еруінен, жағалаулардың шайылуынан және су тасқыны кезінде су деңгейінің жоғарылауы нәтижесінде судың ластануынан туындауы мүмкін.

Сондай-ақ, атмосфералық ауа сынамасы алынды. Мониторинг нәтижесі бойынша шекті жол берілетін концентрация артқан жоқ.

Облыс аумағында қалдық төгетін кәсіпорындар – «Жайықжылуқуат» АҚ, «Батыс су Арнасы» ЖШС.

Алайда кешенді зерттеу жүргізу кезінде бұл кәсіпорындардың су сапасына әсері анықталған жоқ.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-09
Утром-11.67 ℃
Днем-5.09 ℃
Вечером-6.3 ℃
Ночью-7.58 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1043
Скорость ветра3.63 м/с
2024-12-10
Утром-9.19 ℃
Днем-4.42 ℃
Вечером-4.69 ℃
Ночью-5.74 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра4.46 м/с