Елді мекендердің тарихи атауы тек қазақ тілінде жазылады – заң жобасы мақұлданды

Депутат Берік Әбдіғалиұлының айтуынша, заң жобасының мақсаты – сыртқы жарнамалар мен әртүрлі маңдайшаларда, басқа да реквизиттер мен көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде дұрыс жазылуы және мәтіндердің түпнұсқалы аудармасы бойынша қосымша талаптар белгілеу.

«ОА» мұрағатынан

«Бүгінгі күні мемлекеттік тілдің мәселесі бәрімізді алаңдатады. Соның ішінде сайлаушылар жиі көтеретін көрнекі ақпараттағы қазақ тілінде жазылатын мәтіннің сауатсыздығы, ал кейбірінде тіпті қазақ тіліндегі мәтіннің болмауы. Осыны ескере отырып, нақты талаптар енгізілді», – деді Берік Әбдіғалиұлы.

Заң жобасына мынадай түзетулер енгізілді:

  • әкімшілік аумақтардың, елді мекендердің, сондай-ақ басқа да географиялық объектілердің дәстүрлі тарихи қалыптасқан қазақ атауларын тек мемлекеттік тілде жазу;
  • мемлекеттік емес ұйымдардың бланкілері мен маңдайшаларын мемлекеттік тілде, қажет болған кезде ғана орыс тілінде жазу;
  • жол белгілеріндегі жазбаны мемлекеттік тілде жазу;
  • хабарландыруды, жарнаманы, прескуранттарды, баға көрсеткіштерін, ас мәзірін, нұсқағыштар мен басқа да көрнекі ақпаратты мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс немесе басқа тілде көрсету.

Сондай-ақ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар нұсқаулықтарының, таңбалаудың, стикерлердің барлық мәтіні «Тілдер туралы» заң талаптарына сәйкес түпнұсқалық мағынасы мен орфографияны сақтай отырып, жазылу жөнінде толықтырулар енгізілді.

Депутаттың айтуынша, бірқатар ұсыныс әлі де пысықталып, қайта қарауды талап етеді.

«Бұл түзетулер қоғамда, БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жиі көтеріліп жүрген қазақ тілі мәртебесі мәселелерін шешуге бір қадам жақындатады деген үмітіміз бар», – деді ол.

Мәжілісмендер заң жобасы әрбір азаматтың, әсіресе кәсіпкерлердің жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді деп санайды.

Парламенттің төменгі палатасы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

2 − 2 =

x
2023-05-29
Утром19.92 ℃
Днем31.58 ℃
Вечером30.9 ℃
Ночью22.23 ℃
Влажность21 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра4.82 м/с
2023-05-30
Утром20.74 ℃
Днем28.34 ℃
Вечером27.38 ℃
Ночью25.77 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра7.55 м/с