Орал билігі жалғыз адамдық пикет өткізуге рұқсат берді. Белсенділер бір күнде жеті хабарландыру тапсырды

Оралда бірнеше адам әкімдікке бейбіт митинг өткізу туралы қатарынан жеті хабарландыру тапсырды: онда үш митингіге саны әртүрлі адам қатысады деп көрсетілген, төртеуі – жалғыз адамдық пикеттер. Екі күннен соң жауап берген әкімдік жалғыз адамдық пикет өткізу туралы бір ғана өтінішті мақұлдаған.

Сурет azattyq.org

— Әкімдіктен жауап алдық, 16 қазан таңертеңгі сағат онда Абай алаңында өтетін жалғыз адамдық пикетке рұқсат берді. Тақырыбын – «Саяси реформалар, әлеуметтік мәселелер, жер дауы және мәжбүрлі вакциналау» деп көрсеттім. Бір ғана пикетке рұқсат берді, — деді пикет туралы өтініші мақұлданған Орал тұрғыны Сандуғаш Мұхамбетжанова.

Кейінгі жеті айда Орал тұрғындары бейбіт жиын өткізу туралы шамамен 50 хабарландыру тапсырған, бірақ ешқайсысы мақұлданбаған. Атқару органы көп жағдайда карантиндік шектеулерді алға тартқан. Наразылық акциясын өткізу туралы өтініштерін қабылдатуға тырысқан белсенділер өтініш өткізген сайын қатысатындардың санын біртіндеп азайтып отырған. Ақыры жалғыз адамдық пикет өткізу туралы бірнеше хабарландыру берілген. Төрт өтініштің біреуі қабылданды.

Былтыр қабылданған бейбіт жиын өткізу тәртібі туралы заң акцияны ұйымдастырушыларды жергілікті әкімдікке ескерту жасап, «мақұлдауды» күтуге міндеттейді. Аталған заңға сәйкес, шаралар тек арнайы белгіленген жерлерде ғана өтуі тиіс. Мұндай орындар көбіне елді мекен орталықтарынан алшақ жерлерде орналасады. Әкімдікпен келісілмеген шаралардың барлығы «заңсыз» деп саналады, оған қатысушылар сотталады.

Көптеген халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен сарапшылар аталған заң қазақстандықтардың конституциялық құқығын шектейді деп санайды.

Дереккөзі: azattyq.org

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

13 + 1 =

x
2023-05-29
Утром19.92 ℃
Днем29.98 ℃
Вечером30.9 ℃
Ночью22.23 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра4.82 м/с
2023-05-30
Утром20.74 ℃
Днем28.34 ℃
Вечером27.38 ℃
Ночью25.77 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра7.55 м/с