МИБ 2022 жылдың шілдесіне қарай ПИК — ті түбегейлі ауыстырады

ПИК барлық құжаттарды 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін көппәтерлі тұрғын үйлердің кеңесіне береді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.

2021 жылғы 7 қаңтарға дейін Қазақстандағы пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыс өткізіп, мүлік меншік иелерінің бірлестіктерін (МИБ) немесе жай серіктестіктерді (ЖС) таңдауға тиіс болды. Бірақ пандемия өз түзетулерін енгізді және қазіргі ПИК-терді 2022 жылғы 1 шілдеге дейін қайта ұйымдастыру қажет болады.

Олар схема бойынша жұмыс істейді: бір үй — бір басқару органы (МИБ немесе ЖС) — екі банктік шот (ағымдағы және жинақ). МИБ бір көп пәтерлі үйде тұратын тұрғындардан қалыптасады. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес, тек меншік иелері ғана жалпы үй мүлкін басқара алады және меншік иелерінің мүдделерін білдіре алады.

Бұл ПИК-ке балама, онда меншік иелері өз баспаналарын өздері қадағалап, жауап береді.

Роман Скляр депутаттық сауалға берген жауабында, Заңның 2-бабына сәйкес тіркелген және қызметін ол енгізілгенге дейін жүзеге асыратын ПИК және тұтыну кооперативтері (ТК) КПТҮ басқару жөніндегі қызметті 2022 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асыра алатынын және КПТҮ кеңесіне КПТҮ-нің, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрылысына, ұсталуына және пайдаланылуына байланысты барлық қолда бар құжаттарды беруге міндетті екенін жазған.

«Бұл ретте Заң күшіне енген сәттен бастап бір ПИК-ті (Петропавл қаласында) мемлекеттік тіркеу жүргізілді, ол бүгінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес ерікті түрде тарату рәсімінен өтуде. Осыған байланысты Әділет министрлігі аумақтық органдарға ПИК-ті мемлекеттік тіркеуге жол бермеу туралы ескерту жіберді. Жалпы, тұрғын үй-коммуналдық саланы жетілдіруге байланысты мәселелер Үкіметтің бақылауында», — деп түйіндеді Р.Скляр.

ҚР Әділет министрлігінің мәліметінше, 2021 жылдың 11 қаңтарына Қазақстанда 539 МИБ және 593 ЖС құрылды. («Эксклюзив»)

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-23
Утром-13.32 ℃
Днем-13.04 ℃
Вечером-16.92 ℃
Ночью-20.49 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.31 м/с
2026-01-24
Утром-23.1 ℃
Днем-18.56 ℃
Вечером-21.68 ℃
Ночью-24.04 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.16 м/с