БҚО-да жанармай тапшылығы дизель отыны бағасының «шарықтауына» әкелді
Облыстың жеке жанармай құю бекеттерінің иелері Орск мұнай өңдеу зауытымен дизель отынын жеткізуге келісім-шарт жасасты, – деп хабарлады БҚО энергетика басқармасы.

Облыстың энергетика басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Мұхамбетқалиев дизель отынының тапшылығын еңсере алғанын, бірақ солярка бағасының өсуін тоқтата алмайтындарын айтты.
– Иә, бағалар шамамен 100 теңгеге өсті, бұл ресейлік дизель отынының бағасы. Ол, әрине, бізге сәйкес келмейді. Қазір барлық бағалар бәсекелестікті қорғау департаментінде бақыланады, дизель отынының бағасын негізсіз көтерген жағдайда жеткізушілерге айыппұл салынуы мүмкін. Айыппұл сомасы аз емес, жеткізушілер де бұл жағдайды жақсы түсінеді, – деді Қайрат Мұхамбетқалиев.
Оның айтуынша, ресейлік отынның бағасы бастапқыда қымбат-230 теңге.
– Сонымен қатар, көлік шығындары, оператордың жалақысы және жеткізуші сатудан пайда табуы керек. Нәтижесінде ресейлік маусымаралық солярка қазір жергілікті ЖҚС – да 262-266 теңге тұрады, – дейді Қайрат Мұхамбетқалиев.
Ол Павлодар мұнай-химия зауытында кәсіпорынға жыл сайынғы техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізілген кезде облыстағы дизель отынымен жағдай жақсаратынын хабарлады.
– Зауыт үздіксіз жұмыс істейді және мұндай жұмыс үшін жабдықты бақылау қажет. Екі аптадан кейін қызмет көрсету бойынша техникалық жұмыстар аяқталатын болады, ал бұл Атыраудағы зауыттың жұмыс көлемінің бір бөлігі босатылатын болады деген сөз. Қазір бүкіл Қазақстан бойынша Шымкент пен Атырауда екі зауыт жұмыс істейді, зауыт Повладардағы жұмысқа қосылған кезде Атыраудың барлық көлемі Батыс Қазақстанға, яғни біздің облысқа бөлінетін болады. Сонда бағалар реттеледі, – деп хабарлады Қайрат Мұхамбетқалиев.
Мария Драчева