Оралда үш баласы бар жалғызбасты әйел ипотекаға алған үйінен айырылуы мүмкін

Үлкендер арасындағы даудың салдарынан үш бала далада қалуы мүмкін. Орал тұрғыны Елена Картель төрт жылдан бері ипотекаға алған пәтерін заңдастыра алмай жүр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Еленаның 15 және 3 жасар екі қызы, 7 жасар ұлы бар. Ол 2006 жылы тұрмысқа шығып, бірден балалы болған. Сондықтан, қазіргі Отбасы банкі, сол кездегі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы «Жас отбасы» бағдарламасына құжат тапсырған. 2009 жылы отбасы ипотека арқылы бір бөлмелі пәтер алып, оны күйеуінің атына тіркеген. Себебі, Еленаның айтуынша, ол уақытта жолдасының ғана кірісі және зейнетақы қорындағы ақшасы жеткілікті болған.

2011 жылы Елена күйеуі Александр ИЛЬИНМЕН заңды түрде ажырасып, бір бөлмелі пәтер Еленада қалады. Екі жыл өте екеуі қайта көңіл жарастырғанмен, қайтадан заңды некеге түспей, азаматтық некеде өмір сүреді. Осылайша, тағы бір бала дүниеге келген. Бірақ, 2017 жылы Елена мен Александр тағы да ажырасқан.

Мен тағы да сол өз пәтерімізде қалдым, өзім айына 7500 теңге көлемінде ипотеканы төлеп отырдым. 2018 жылы бұрынғы күйеуім келіп, бізді пәтерден шығармақ болды. Бірақ, олай істей алмады, —дейді Елена КАРТЕЛЬ.

Еленаның айтуынша, оның басты қателігі — ресми түрде ажырасқан соң ол мүлікті бөлу процесіне арыз жазбаған. Заңға сәйкес, егер әйелі мен күйеуі ажырасқаннан соң үш жыл ішінде мүлікті бөлу туралы арыз жазбаса, онда үш жыл уақыт өткен соң, мүлік кімнің атына тіркелсе, соған қалады. Еленаның айтуынша, бұрынғы күйеуі жылдар бойы оларға маза бермей, пәтердегі жарық пен суды өшіртіп отырған. Балаларымен араласпаған, алимент төлемеген.

2019 жылдың қыркүйегінде сот отырысы өтіп, Елена төрт ай ипотеканы төлемеді деген жалаумен пәтер сатылымға шықсын деген қаулы қабылданады. Еленаның өзі болса төлемді бір айға да кешіктірмеген. Бірақ, банктегі шотқа сот орындаушы бұғат салғандықтан, ипотеканың төлемі түспеген.

Төрт ай төлем түспеген, ол бар болғаны 28 000 теңге. Енді сол үшін пәтерді сату керек пе? Ерсенова есімді сот қаулы шығарып, 2019 жылдың 4 желтоқсанында пәтер сатылымға шыққан. Маған ешкім ескерткен жоқ. Пәтер бар болғаны 5 млн теңгеге сатылған, —дейді Елена.

Оның қорғаушысы болса бұл іс өте күрделеніп кеткенін айтып отыр. Елена сот қаулысын қолына алмаса да кейін оның қолы қойылған құжат сотқа ұсынылған.

Біз бұны, яғни, қаулыны Елена алмағанын, қол онікі емес екенін дәлелдегіміз келіп, сараптама сұраттық. Алайда, сот бас тартты, —дейді адвокат Әмина БИЧУЕВА.

Дегенмен, адвокат пәтерді сату туралы сот шешімін жойғызған, өйткені, мәміле заңсыз жасалған. Бірақ, пәтер әлі сатылымнан түскен жоқ.

Бұл сатып алушы, банк, жеке орындаушы және сатушы, яғни, менің бұрынғы күйеуімнің арасындағы сыбайластық. Жоғарғы сот пәтерді неге сатуға шығарғанына қатысты қызметтік тексеру жүргізілсін деген шешім шығарып отыр, —дейді Елена.

Бұл пәтер балаларының жалғыз баспанасы болғандықтан, Елена мүлікке мүлде бұғат қойып тастағысы келген. Алайда, сот оның бұл өтінішін де қанағаттандырмаған.

Қазір амалы таусылған ана Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттікке жүгініп, көмек сұраған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-05
Утром-0.01 ℃
Днем1.07 ℃
Вечером0.09 ℃
Ночью0.05 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра2.18 м/с
2025-12-06
Утром0.28 ℃
Днем1.75 ℃
Вечером0.03 ℃
Ночью-0.76 ℃
Влажность75 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра2.65 м/с