Қазақстан Ауғанстан мен Сирияға да қарыз

Қазақстанның сыртқы қарызы бір жылда 11 миллиард долларға көбейген. Еліміз Қытайдан 39 миллиард доллар қарыз алып, аспанасты елінен ірі қарыз алушылар тізіміне еніп отыр.

Ұлттық банк бүгінде еліміздің өзге мемлекеттерге берешегі 164,1 млрд долларға жеткенін хабарлады. Басқаны былай қойғанда Қазақстан қарыз алған мемлекеттердің қатарында Ауғанстан мен Сирия да бар екен. Ал еліміздің сыртқы қарызының ең үлкен сомасы Нидерландияға тиесілі. Еліміздің бұл елге 44,7 миллиард доллар қарызы бар көрінеді.

Ұлттық банк өкілдері елдің сыртқы қарызы бюджеттің немесе халықтың қаражаты есебінен төленбейтінін айтады. Өйткені сыртқы борыштың шамамен 80 пайызы коммерциялық ұйымдардың берешегіне жатады.

Экономист-сарапшы Расул Рысмамбетов квазимемлекеттік секторлың қарызын мемлекеттің қарызы деп айтуға болатынын алға тартады.

– Мәселен, «Тенгизшевройл» «Шеврон» компаниясына қарыз десек, мұндайда мемлекеттің ешқандай қатысы жоқ. Екіншіден, мемлекеттің сыртқы қарыздарын ашық ету керек. Квазимемлекеттік сектордың қарыздарын да бөліп қарастырған жөн . Мемлекеттік қарыздың ашық, айқын статистикасын көрсетуі қажет. Бюджеттің басым бөлігі Ұлттық банк арқылы іске асады. Бюджеттен сыртқы қарыздарды төлеуге қаражат бөлінеді. Сыртқы қарыздарды төлеу оңай емес.

Үкімет бюджетті қысқартқысы келмейді, қаржы әкелмейтін салаға қаржы құюды белсенді түрде жалғастырады. Мемлекет қарызы квазимемлекеттік сектордың қарызымен біріксе, Қазақстанның сыртқы елдерге берешегі қауіпті жағдайға әкелуі мүмкін. Бірден банкротқа ұшыратпаса да, мемлекетке кіріс әкелетін Ұлттық қорға салмақ түсуі мүмкін,– дейді.

Сондай-ақ ол Қазақстанды әкесінің табысы мен әжесінің зейнетақысына күнелтіп жатқанға жасөспірімге теңеді.

–«Әке депозиті» Ұлттық банк болса, «Әже депозиті» – зейнетақы қоры. Біз сонда 30 жасқа толған әкесінің депозитін жұтып әрі әжесінің зейнетақысын «сорып» отырған жасөспірімнің күйін кешудеміз. Ертең қалай өмір сүретінімізді не Үкімет, не басқасы айтқаны есімде жоқ. Бес жылдан кейін немен төлейтініміз, қалай дамитынымыз белгісіз, – дейді сарапшы.

Дереккөзі: kznews

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-09
Утром14.93 ℃
Днем26.46 ℃
Вечером26.47 ℃
Ночью21.08 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.39 м/с
2024-09-10
Утром17.79 ℃
Днем27.37 ℃
Вечером26.6 ℃
Ночью22.25 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра4.84 м/с