Зейнетақыны Kaspi Gold картасына алу жеңілдетілді
Kaspi.kz Kaspi Gold-қа зейнетақы алатын жаңа сервисті іске қосты.

Бұрын зейнетақы алуға арналған картаны Kaspi Gold-қа ауыстыру үшін құжаттарды қайта ресімдеуге ХҚКО-ға бару керек болатын. Енді үйден шықпай-ақ, Kaspi.kz қосымшасында өтінім беру жеткілікті. Kaspi барлық құжатты қайта ресімдеумен айналысады, ал клиент келесі зейнетақыны Kaspi Gold-қа алады.
Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:
«Біз зейнетақыны үнемі басқа карталардан Kaspi Gold-қа аударып отыру клиенттеріміз үшін қаншалықты ыңғайсыз екенін түсінеміз. Індет кезінде сүйікті клиенттеріміздің, әсіресе қарт адамдардың зейнетақыны Kaspi Gold-қа алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруға мәжбүр болғанын қаламаймыз. Сондықтан біз «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ және Еңбек министрлігімен бірлесіп, зейнетақыны ең танымал Kaspi Gold картасына алу үшін онлайн-сервис әзірледік. Бізбен бірге болғаны үшін әр сүйікті клиентімізге рақмет айтамыз!» – деп пікірін білдірді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаментінің директоры Анар Төлеубаева:
«Мемлекеттік қызметтерді көрсету аясында екінші деңгейдегі банктердің технологиялық алаңдарын пайдалану халықты электрондық мемлекеттік қызметтермен қамтуды кеңейтуге және соңғы тұтынушы үшін рәсімді жеңілдетуге мүмкіндік беретін сенімді шара болып табылады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ЕДБ-мен бірлесіп, зейнетақы төлемдерін алушылар үшін банк шоттарының деректемелерін ауыстыру бойынша сервисті іске асырды. Осылайша, банк деректемелерін өзгерту қажет болған жағдайда зейнетақы алушылар өтінішті Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ тікелей банктер арқылы бере алады.
Министрлік осы сервис қолжетімді болатын әлеуметтік төлемдер тізбесін одан әрі кеңейтуді қарастыруда».
Қазақстандықтар Kaspi Gold карточкасымен коммуналдық қызмет ақысын, мобильді байланыс пен басқа да көптеген қызмет ақысын үйден шықпай-ақ комиссиясыз төлейді; жақындарына лезде ақша аударады; дүкендерде зат сатып алып, Kaspi Бонус жинайды. Енді зейнеткерлерге Kaspi.kz-тің барлық сервисін пайдалану бұрынғыдан да оңай әрі ыңғайлы бола түсті.