Жайықтың қатты тартылуынан өзен маңыда аралдар пайда бола бастады

Жайық өзенінде су арнасы қатты тартылып, кейбір жерлердің кепкені соншалық аралдар пайда бола бастаған, деп хабарлайды “Астана” арнасы.

Суреттер Раул Упоровтікі

Жайықтағы жағдайға қатысты сарапшылар қыста балық қырылуы мүмкін деп болжады. Олардың сөзінше биылғы қыс Жайық өзеніндегі су асты тіршілік үшін биылғы қыс қиын болмақ. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығыны да өзеннің жағдайы кері әсер етпек.

Мамандардың айтуынша, суы тартылған өзеннің табаны 8-9 метрге дейін биіктеген. Осылайша өзеннің әр жерінен аумағы жүздеген метрге созылған аралдар пайда болды.

“Біздің шекараға дейін Жайық көкпеңбек. Біздің шекарадан бастап космостан түсірілген түсірілімдерде Жайық қап-қара болып тұр”, – дейді су саласының ардагері, эколог Махамбет Ысқанғали.

Махамбет Ықсанғалидің айтуынша, балық қыстайтын шұңқырлар мүлдем тазартылмаған.

“Жайық үлкен құбыр сияқты. Ресейден жеткен тіршілік нәрі іркілместен ағып барып, Каспийге құяды. Суының 95 пайызын Еділден алатын Каспий теңізі Жайыққа тәуелді емес. Сондықтан суды өзімізге көбірек алып қалуға тырысу керек. Сонда облыс орталығы түгілі, өңірдің оңтүстік аудандары да судан тарықпас еді”, – дейді су саласының ардагері.

Кезінде Жайық-Көшім суландыру-суару жүйесі деген бар. Кезінде осы жүйе салынған кезде Жайықтың тек қана 4-5 метр көтерілген кезде-ақ су құйыла бастаған.

Жыл сайын Жайық өзеніне жоғарыдан кемінде 4 миллиард текше метр су құйылады. Алайда көрші мемлекеттер суды бөгеп қалатын көрінеді.

“Ресей суды ұстап отыр ғой, білесіздер. Бірақ бізге берулері шамалы, біздің сұрағанымызды бермейді никогда. Жаз бойы 30 кубтан беріп келді. Секундына 30текше метрден беріп келді. 25 апрельдер бастап, оны 15-ке түсіріп тастады. Енді міне бір айдан кейін нәтижесін көріп отырмыз. Судың деңгейі бірден түседі”, – дейді БҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды жоспарлауды реттеу басқармасының бөлім басшысы Марат Машкенов.

Мамандар онсыз да аз суды тіршілік нәрінен тарыққан халыққа қалай бөліп берерін білмей отыр. Су тапшылығынан өңірдің оңтүстік аудандарында шөп шықпай, өзен-көлдер құрғап қалды. Аңқасы кеуіп, су іздеген төрт түлік батпаққа батып қырылды. Ал биыл қыста мұз қалың болса, балық та қырылуы мүмкін.

“Біздің міндетіміз – шартқа сәйкес, шаруа қожалықтарына және басқа құрылымдарға шартпенен су беру. Жоқ суды біз қалай береміз? Су жоқ деген әңгіме бізге де тиіп жатыр таяқтың бір ұшы. Жайықтан қазір кіріп жатқан судың бізден шығуы 1 кубометр секундына. Айта кететін жағдай: осындай кездерде су орташа болғанда, орташадан мол болған жылдары, ол кездері 10-15 куб кіруші еді секундына. Бірақ қазір ол кірмей тұр”, – дейді “ҚазСуШар” РМК БҚОФ бас инженер-гидротехнигі Шынболат Ермағамбетов.

Су тапшылығы 1960 жылдары да болған. Сондықтан мұндай жағдайдың уақыт салып қайталанып отырғанын әлде Жайықтың мүлде суалып кетерін ешкім білмейді. Ал келер жылы не боларын тіпті айту қиын. Өйткені өңірде Жайықтың жағдайын зерттейтін білікті мамандар жоқтың қасы.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-12-03
Утром-1.19 ℃
Днем1.36 ℃
Вечером3.11 ℃
Ночью3.21 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра7.95 м/с
2021-12-04
Утром2.79 ℃
Днем5.08 ℃
Вечером5.3 ℃
Ночью4.64 ℃
Влажность71 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра9.6 м/с