Қазақстанның бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қалуы Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирус инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы.

Қаулыға сәйкес:

  • 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және лактация кезеңіндегі әйелдерді коронавирус инфекциясына (бұдан әрі – КВИ) қарсы вакциналауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметті үйлестіру;
  • КВИ-ге қарсы вакцинация мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді тарта отырып, халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылған.

Сондай-ақ, 2021 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде:

  • Әдістемелік ұсынымдарды жұмыста басшылыққа алу үшін коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жүргізуге тартылған денсаулық сақтау ұйымдарына жіберуді;
  • «Комирнати» (Пфайзер, АҚШ) вакцинасын қолдана отырып, КВИ-ге қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде медицина қызметкерлеріне оқыту жүргізуді;
  • Әдістемелік ұсынымдарды КВИ-ге қарсы вакцинациялауды ұйымдастыруға және жүргізуге тартылған барлық медицина қызметкерлерінің назарына жеткізе отырып, денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейіне жұмыс топтарын құруды;
  • орындалуын бақылай отырып, егілуге жататын контингентті КВИ-ге қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді;
  • әрбір аудан, қала бойынша жетекшілік етуі бойынша жүргізілген іс-шараларды апта сайын бақылай отырып, КВИ-ге қарсы вакцинациялау жүргізу жөніндегі іс-шараларды үйлестіретін кураторларды тағайындауды;
  • тәулік бойғы режимдегі жұмыс жағдайына алдын ала тестілей отырып, «Комирнати» вакцинасын сақтау үшін аса төмен температуралық режимдегі мұздатқыш жабдығын орнатуды;
  • барлық мамандарға нұсқама жүргізе отырып және орталық қоймада көрінетін жерде «Комирнати» вакцинасын сақтау, тасымалдау, беру мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдерді (бұдан ары – СОР) іле отырып, облыстың, қаланың орталық қоймасының, республикалық қойманың қызметкерлері үшін СОР дайындауды;
  • аудандық қоймаларда нұсқама жүргізу және көрнекі жерде СОР ілу арқылы аудандар мен қалалардың қоймалары үшін СОР дайындауды;
  • медициналық ұйымдар үшін «Комирнати» вакцинасын сақтау және пайдалану мәселелері бойынша СОР дайындауды қамтамасыз етсін.

2021 жылқы 8 қарашаға дейінгі мерзімде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жүргізетін медициналық ұйымдардың дайындығын мониторингтеуді қамтамасыз ету тапсырылған.

Қаулының толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-26
Утром1.32 ℃
Днем8.55 ℃
Вечером5.62 ℃
Ночью1.66 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра6.72 м/с
2025-03-27
Утром0.68 ℃
Днем9.01 ℃
Вечером9.26 ℃
Ночью5.88 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра4.92 м/с