Жұмыс беруші вакцинасыз қызметкерлерді жұмыстан шеттете алады – министрлік

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі вакцина алмаған немесе ПТР-тест тапсырмаған адамдарды жұмысқа кіргізбеу мәселесін түсіндірді.

Көрнекі сурет.

Бас мемлекеттік еңбек инспектор Төлеген Оспанқұловтың айтуынша, бүгінде осы мәселеге қатысты арыз-шағым көптеп түсіп жатыр. Бірақ жұмыс берушінің талабы заңға қайшы емес.

«Дүйсенбіден бастап денсаулық сақтау минстрлігінің тиісті нормасы күшіне енді. Оған сәйкес, жұмыс беруші вакцина алмаған немесе ПТР-тест тапсырмаған адамды жұмысқа кіргізбейді. Иә, заңнамада коронавируспен ауыратын адамды жұмысқа кіргізбеу туралы тікелей норма жоқ. Бірақ Еңбек кодексінің 48-бабы 1-тармағында заңнамалық актілер мен мемлекеттік органдар актілері негізінде тиісті шешім шығарылады деп жазылған», – деп атап өтті Оспанқұлов.

Оның сөзіне қарағанда, Денсаулық туралы кодекс бойынша санитарлық дәрігер қаулысы міндетті түрде орындауға жататын құжат болып саналады. Сол себепті жұмыс беруші адамды жұмыстан шеттете алады. Жұмыс беруші ақша төлемеуі де мүмкін. Алайда екі тарап келісімге келсе, жалақының жартысын немесе еңбекақының ең төменгі мөлшерін алуға мүмкіндік бар.

Вакциналау паспортын тексеру шаралары

Денсаулық сақтау министрлігі 1 қыркүйектен бастап ұжымдарда вакциналау паспортын жаппай тексеру шаралары басталады деген ақпарат таратқан.

Ал қазан айында жұмысқа шығардың алдында міндетті вакциналаудан өтуді ресми түрде бекітті. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрінің қосымша бұйрығы да шыққан. Ол құжат 17 қазанда күшіне енді.

Сол кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев та жұмысқа кіргізу тәртібін түсіндірді. Вакцина алмаған адам жеті күнде бір рет ПТР-тест тапсырады немесе вапкцина алуға болмайтынын растайтын анықтама көрсетеді. Ал КВИ-мен ауырып шыққандар үш ай бойы екпе салдырмаса да болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-12-02
Утром-1.54 ℃
Днем1.44 ℃
Вечером1.04 ℃
Ночью-0.29 ℃
Влажность62 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.66 м/с
2021-12-03
Утром-1.53 ℃
Днем1.22 ℃
Вечером2.91 ℃
Ночью2.74 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра7.37 м/с