БҚО Сырым ауданындағы полицейдің бірі мал ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілінді

Қазіргі уақытта Сырым ауданы Аралтөбе ауылдық округінің учаскелік инспекторы Сұлтанбек Еслямғалиев қамауға алынды, — деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«ОА» мұрағатынан алынған сурет

Жергілікті полиция қызметі Аралтөбе округінің тұрғындары БҚО полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимовтың қабылдауында болғаннан кейін ғана өз қызметкерін қамауға алды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Жымпиты кентінің тұрғындары жайылымда олардың малдары жоғалып кеткенін білді. Олар далаға барып, малдың бір бөлігі жоқ екенін көрді. Біреуде 3 сиыр, кейбір ауылдықтарда – бірнеше ондаған бас мал жоғалып кетті.

– Сол жерде Аралтөбе ауылдық округінің учаскелік полиция капитаны Сұлтанбек Еслямғалиев те болды. Ол мені Ерлан Жақсыбаев есімді бақташыға арыз жаз деп сендіре бастады. Ол менің малымды ұрлап, содан соң өзі қашып кеткен, деген бағытта, – дейді жергілікті тұрғын Қанат Шамаров.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 10 күннен кейін бақташы Ерлан Жақсыбаев Орал қаласында болған, – ол өзі БҚО полиция департаментіне кінәсін мойындап, мал ұрлығы туралы және оған капитан Еслямғалиев тікелей қатысқанын айтты.

Осы уақытта Сырым ауданы АІІБ — не 50 – ге жуық бас малдың жаппай жоғалуы туралы 10 адам арыз жазды.

– Іс баяулады: ешкім мал да, бақташы да іздемейді. Сол кезде біз біреуіміз БҚО полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимовтың қабылдауына барамыз деп шештік,-деді малы ұрланған аудан тұрғындары.

Облыстың бас полициясына қабылдауға үш адам келді: Қанат Шамаров, Хамидулла Құрматов және Федякин есімді зейнеткер.

Бас полицейдің қабылдауында болған жәбірленушілердің айтуынша, Сырым ауданында түсінбеушілік жағдай учаскелік инспекторы Сұлтанбек Еслямғалиев қалған малды бергісі келмейді, қылмыс болса әлі ашылған жоқ. Ең бастысы, адамдар малдың жаппай жоғалуына полиция қызметкерлері қатысатынына сенімді.

Аблазимовпен кездесуден кейін Сырым ауданына өзіндік қауіпсіздік басқармасынан бір топ полицей шықты.

– Облыс полицейлері бақташы Ерлан Жақсыбаевты да өздерімен бірге алып келді. Ол қол кісенмен болды. Біздің көпшілігіміз өз малымызды білмейміз, ол әр жылқыны, әр сиырды біледі», — деді ауыл тұрғындары. – Сол күні бізге малдың жартысы қайтарылды, бірақ бастың жартысынан көбі табылмай қалды.

Жергілікті тұрғындар журналистерге 26 қазан күні кешке хабарласты, өйткені олар: Сұлтанбек Еслямғалиевті тергеу изоляторынан шығарғысы келіп жатқандарын білді.

— Ол аудандағы ықпалды адам, әсіресе полиция қызметкері, егер ол шықса, онда мал ұрлығы туралы іс «тұрып қалады». Ол жазадан құтылады, біз малды қайтара алмаймыз», – деп түсіндірді олар.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі учаскелік полиция қызметкері Сұлтанбек Еслямғалиевке қатысты 188-1-бап «Мал ұрлығы» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Ол қамауда.

Сырым ауданында мал ұрлығы туралы арызды 10-нан астам адам жазған. Жалпы алғанда, 50-ге жуық мал жоғалып кетті.

Талғат Омаров

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-12-08
Утром-4.72 ℃
Днем0.88 ℃
Вечером0.19 ℃
Ночью-0.68 ℃
Влажность98 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра6.33 м/с
2021-12-09
Утром-1.6 ℃
Днем0.28 ℃
Вечером-0.24 ℃
Ночью-0.85 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра6.93 м/с