Оралдағы күзет фирмасының қызметкерлері кісі өлтіргені үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды
Бүгін БҚО мамандандырылған соты 32 жастағы Қуаныш Ахметовті өлтіргені үшін Аян Кафизовты 18 жылға, Абзал Әділовты 17 жылға бас бостандығынан айырды. Үшінші сотталушы-Әбутәліп Қонысқали «Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану» бабы бойынша ғана кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға сотталды. Сот сотталушылардың мас күйінде қылмыс жасағанын ауырлататын жағдай деп санады.
Прокурор Сәкен МОЛДАШЕВ соттан Абзал Әділовке 22 жылға бас бостандығынан айыру және Аян Кафизовке 23 жылға Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» және «Жеке күзет қызметі қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалану» баптары бойынша, ал Әбутәліп Қонысқалиге «Өкілеттіктерін асыра пайдалану» бабы бойынша 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Қайғылы оқиға 2019 жылдың 25 желтоқсанында болды. Сол күні Қуаныш Ахметов корпоративтік кеште болды. Бір сәтте ол кафенің басқа келушілерімен керісіп қалды. Қызметкерлер полиция шақырды. Полицейлер Ахметовты медициналық куәландыруға апарды. Наркологиялық диспансерде Ахметов медициналық мекеме қызметкерлерімен қақтығыса бастады және олар «Сова»күзет фирмасының қызметкерлерін шақырды.
Куәгерлердің айғақтарына сәйкес күзет фирмасының қызметкерлері шақыруға келіп, Ахметовты ұра бастады. Содан кейін оны ғимараттан көшеге шығарды. Диспансер аумағынан тыс жерде Ахметов суықта жыртылған бір көйлекте қалып, қашып кетуге тырысты. Ер адам айқайлап, жақын маңдағы жанармай құю станциясының қызметкерлерінен көмек сұрады, бірақ сол түні жұмыс істеген әйелдер оған есік ашпады. Осыдан кейін ер адам профильді шарбақтан секіріп кетуге тырысты, бірақ күзетшілер оны ұстап алып, қоршаудан сүйреп апарды. Әділов оны аяғынан, ал Кафизовты белінен ұстап алды. Қоршаудың өткір жиектерінен Ахметовтің денесіндегі жұмсақ терілері жырылды. Жәбірленушіні жерге құлатып, олар оны ұруды жалғастырды. Ахметов оқиға орнында көз жұмды.
Сот процесі кезінде Ахметовтың туыстары сотталушылар мен «Сова» күзет фирмасынан 20 миллион шығын өндіріп алынғанын мәлімдеді. Сот олардың талаптарын ішінара қанағаттандырды. «Сова» күзет фирмасынан залал өндірмейді.
Үкім жарияланғаннан кейін сот залында қаза тапқан адам мен сотталушылардың туыстары арасында жанжал болды.
– Тым қысқа мерзім! Оның кішкентай қызы қалды! Оның қолдары кесілген! -деп, марқұм Ахметовтың туыстары айқайлады.
— Не үшін сонша көп?! Ол өзі мейрамханада бұзақылық жасады! – деп, сотталушы Кафизовтың апасы айқайлады.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Сағынғали Елеуов жәбірленушілер тағайындалған жаза мерзімімен келіспейтінін хабарлады. Олар сотталушыларды өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады.
Талғат Омаров
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША: Оралда ер адамды соққыға жыққан күзетшілер сотқа тартылды
Оралда ер адамды өлтірген күзетшілердің ісі басталды
Оралдағы ер адамның өліміне қатысты күзетшілер ісі: тағы бір адам қамауға алынды