«El Tiregi» партиясы Сберге қарсылық білдіріп, митингке шықты

Алматы қаласы Шоқан Уәлиханов алаңында тіркелмеген «El Tiregi» партиясы қала белсенділерінің қолдауымен рұқсат етілген митингке шықты. Олар Қазақстан үшін ресейлік Сбердің цифрлы платформа жасауына қарсылық білдірді.

Оқиға орнынан Orda.kz ақпарат таратып жатыр.

фотолар: Orda.kz

Митингке қоғам белсенділері мен саясаткерлерден тұратын 40 шақты адам шықты, басында әнұран айтылды. Кейіннен тіркелмеген партияның мүшелері мен қоғам белсенділері кезектесіп сөз сөйледі. Жер, саяси тұтқындар туралы сөз қозғағандар да бар.

Алаңға шыққандар қолдарына «El Tiregi» партиясының туы мен ҚР мемлекеттік туын ұстап шықты. Белсенділер «Сберге жол жоқ!, 42500 төленсін!, Саяси тұтқындар бостандыққа шықсын!» деген мәтіні бар плакаттар ұстап алған.

Тіркелмеген партияның жетекшісі Нұржан Әлтаев «Қазақстандықтардың жеке мәліметі Ресейдің қолына түседі» деп ойлайды.

– Біз Сбермен байланыс жасауға қарсымыз. Бұл дегеніңіз барлық жеке мәліметтерді көршілес Ресейдің қолына бере салу. Біз неге басқа платформамен жұмыс істемейміз. Мусиннің айтқандары далбаса сөз. Мен оған сене алмаймын, – деді Әлтаев.

Митингке келгендердің қатарында өзін «заманауи жырау» деп атайтын рэп орындаушысы Жан Ахмадиев те болды. Ол өз шығармашылығынан екі туындысын орындады.

Алаңға келгендердің қатарында журналист, оппозиционер Ермұрат Бапи да болды. Ол өз кезегінде митингке келген адамдардың аз екендігін, көтеріліп отырған тақырыптың ауқымды екендігін алға тартты.

– Сбер мәселесіне байланысты Дат газетінің соңғы нөмірінде алты бет бердік. Бұл ұлттық, мемлекеттік қауіпсіздігімізге тікелей қатысты мәселе. Соған жүрегі ауырмайтын, салғырт, марғау, ұйқыда жатқан халықтың келген түрі осы. Бірақ осыны ұйымдастырып жатқан жігіттерге алғысымды айтамын. Біздің наразылық шектелмейді. Оны билік те, тәуелсіздігімізге көз тігіп отырған көршілес елдерде білсін,- деді Бапи өз сөзінде.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

6 + eighteen =

x
2023-05-30
Утром23.8 ℃
Днем29.89 ℃
Вечером27.12 ℃
Ночью26.65 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.66 м/с
2023-05-31
Утром22.95 ℃
Днем29.77 ℃
Вечером31.63 ℃
Ночью22.64 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра11.01 м/с