Жерде магниттік дауыл басталды

Жер бетінде кейінгі жылдардағы ең күшті магниттік дауыл басталды. Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының физика институты Күннің рентген астрономиясы зертханасы мәлім етті, — деп хабарлайды РИА Новости.

Фото: elements.envato.com

«Жер бетінде Мәскеу уақытымен таңғы сағат 1-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 4:00-де) кейінгі жылдардағы ең күшті магниттік дауылдардың бірі басталды. Кейінгі күндері баяу төмендеген геомагнит белсенділік индексі түн ортасынан кейін бірден 7-деңгейге көтерілді (ең жоғары мән — 9), бұл 5 балдық шкала бойынша үшінші деңгейдегі магниттік дауылға сәйкес келеді», — делінген хабарламада.

Ғалымдар болжамы бойынша, Жердегі магнит өрісінің тұрақсыздығы кем дегенде 2-3 күн сақталады, дегенмен қазіргі максимумға қайта жетуі екіталай.

Магниттік дауыл Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15-18 сағаттан кешікпей аяқталуы керек.

Физиктердің айтуынша, Күн жалынының жылдамдығы секундына 400-ден 800 метрге, ал планетааралық плазманың тығыздығы 100 есеге жуық артқан.

«Бұған дейін кейінгі төрт жылда бірдей деңгейде төрт дауыл тіркелген: биыл 12 мамырда, 2019 жылы 14 мамырда, 2018 жылы 26 ​​тамызда және 2017 жылы 28 қыркүйекте. Осы уақыт ішінде басқа маңызды құбылыстар байқалған жоқ», — деді зерттеу орталығы өкілдері.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-10
Утром9.48 ℃
Днем17.99 ℃
Вечером16.34 ℃
Ночью14.26 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.79 м/с
2026-10-11
Утром12.39 ℃
Днем18.33 ℃
Вечером14.13 ℃
Ночью10.2 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.68 м/с