Ғалымдар жер бетінде қауіпті құрғақшылық болатынын ескертті
Алдағы жылдары климаттың өзгеруіне байланысты табиғатта су айналымының бұзылуынан жойқын құрғақшылық жерді құртып жіберуі мүмкін. Бұл туралы ғалым Питер Глейк мәлімдеді.

Сарапшы ғалым климат неғұрлым жылыған сайын, соғұрлым су тапшылығы болатынын айтады.
— Біздің резервуарларымыздағы сұйықтық тез буланып кетеді. Ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшін де көбірек су қажет, – дейді маман.
Глейк климаттың өзгеруі туралы болжамдардың дәл келіп, адамның табиғатқа әсері артып келе жатқанын айтады.
Оның айтуынша, алдағы апат туралы экологтардың ескертуін саясаткерлер елемей жатыр. Ол егер қажетті шаралар алдын ала қабылданбаса, салдары ауыр болатындығын ғалым ретінде ескертетінін айтты.
Сарапшылар температураның көтерілуін бір жарым-екі градус аралығында шектеу қажеттілігін бірнеше рет атап өтті. Осы мақсатқа жету үшін 2015 жылдың желтоқсанында 190-нан астам ел Париж климаттық келісіміне қол қойды. Ол жаһандық жылынуды жеңілдету жөніндегі іс-қимыл жоспарын айқындайды. Құжат қазбалы отыннан толық бас тартуды білдірмейді, бірақ мемлекеттер климаттың өзгеруіне бейімделу, шығарындыларды азайту және жаңартылатын энергия көздеріне көшу бойынша шаралар қабылдауы керек.
Дереккөзі: РИА Новости