БҚО-да Ресей тіркеуі бар көліктер айыппұл тұрағына қойылуда

Батыс Қазақстан облысында ресейлік нөмірі бар автокөліктерді тексеру басталды. Көлік құралдарында қазақстандық тіркеу болмаған жағдайда машиналарды арнайы тұраққа орналастырады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Көрнекі сурет

Жаппай тексерулер туралы бірінші болып әлеуметтік медиа пайдаланушылары мәлімдеді. Олар полиция қызметкерлерінің әрекетіне наразы болып, бейнероликтер таратып жатыр. «Ешқандай ескерту болған жоқ. Көлікті алып, айыппұл тұрағына қояды», – дейді жүргізушілер.

Әлеуметтік желіден алынды.

Көптеген батысқазақстандықтар полицейлер қабылдаған түбегейлі шараларды қолдайды.

«Ресейлік нөмірлері бар көліктер құжатсыз велосипед сияқты жүреді. Бейнекамералар алдында өздерінің жазасыздығын сезінеді. Олар қызыл түске өтеді, жаяу жүргіншілерді жібермейді, базада жоқ екенін біледі. Жол қозғалысының басқа қатысушыларымен қатар құжаттарды да жасасын», – деп атап өтті жүргізушілердің бірі.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті Ресей Федерациясынан бұрын әкелінген, есептен шығарылған көлік құралдары бойынша мониторинг жүргізілгенін хабарлады.

«Қазақстан аумағында жол қозғалысына қатысуға немесе мемлекеттік тіркеуден өтпеген көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Қазір полиция қызметкерлері көлік құралдарын пайдалануға тыйым сала отырып, Ресей федерациясынан алынған ақпаратқа сәйкес тексеру жүргізуде», – деді БҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Сәкен Шайхиев.

Полицейлер көліктердің тіркеусіз арнайы тұрақтарға ұсталатынын, ал жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі «Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (белгісі) жоқ немесе оны пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқару» бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылатынын атап өтті.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-22
Утром-11.49 ℃
Днем-14.08 ℃
Вечером-18.75 ℃
Ночью-20.05 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра8.59 м/с
2025-01-23
Утром-19.47 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.04 ℃
Ночью-13.33 ℃
Влажность73 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра5.73 м/с