Оралда 500-ден астам автокөлік иелері ІІМ министріне жүгінді (ВИДЕО)
Жүргізушілер оларға өз көліктерін Қазақстанда тіркеуге мүмкіндік беруді сұрайды.
Өткен демалыс күндері полиция қызметкерлері Орал трассаларында ресейлік нөмірлері бар автомобильдерді тоқтатып, оларды мұқият тексеруге кірісті. Автокөлік иелерінің айтуынша, тексерістен кейін 50-ге жуық көлік айыппұл тұрағына қамалды.
Кейінірек БҚО бойынша полиция департаменті полицейлер Ресейде де, Қазақстанда да тіркеуде тұрмаған автокөліктерді тексере бастағанын хабарлады. Жергілікті автокөлік жүргізушілерінің пікірінше, бұл машиналар басып озу ережелерін жиі бұзады, жылдамдық режимін сақтамайды, жол қозғалысының жалпы қабылданған ережелерін елемейді.
Ресей тіркеуі бар автокөлік иелерінің айтуынша, бүгін, 8 қарашада олар БҚО ПД бастығының орынбасары Жанболат Жаншиннің қабылдауына келген.
– Полиция бізге ІІМ министріне хат жазуымызды айтты. Біз қолдарды біздің көліктерімізді есепке қою мүмкіндігін беру талабымен жинадық. Бұл мәселені шешу керек, біз бұл машиналармен Қазақстанда ұзақ уақыт жүрдік. Армениядан келген машиналармен шешім қабылдады ғой, оларды есепке қоюға мүмкіндік бергенде, бізге де сары нөмірлер берілсін, біз осы машиналармен жұмыс істейміз, отбасыларымызды қамтамасыз етеміз, — деп түсіндірді автокөлік иелері.
Бүгін істі ұзақ кейінге қалдырмай, ресейлік тіркеуі бар автокөлік иелері – жүргізушілер 500-ден астам қол жинап, ҚР ІІМ министріне Ресейден әкелінген өз машиналарын Қазақстанда есепке қоюға мүмкіндік беру туралы өтінішпен жүгінді.
– Министрге үндеуге Орал мен аудан тұрғындары қол қойды, – деп хабарлады ресейлік тіркеуі бар авто иесі Ерсін Жазықбаев.
ҚР ІІМ мәліметінше, Қазақстанда Ресей тіркеуі бар 88 мың автокөлік бар, олар Қазақстан аумағында пайдаланылады, бірақ Ресей Федерациясының ІІМ-де есепте тұрмайды. Оның ішінде 600 көлік ұрланған.
Талғат Омаров, видео: Еркебұлан ГАПУОВ